Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" партиясы ауыл шаруашылығы үшін 0 % деңгейінде ҚҚС-тың бірыңғай салалық мөлшерлемесін енгізуді ұсынады.

         «Ақ жол»  партиясы ауыл шаруашылығы үшін 0 % деңгейінде ҚҚС-тың бірыңғай салалық мөлшерлемесін енгізуді ұсынады

 

         «Ақ жол» партиясы ауыл шарушылығы үшін 0 пайыз деңгейінде ҚҚС-тың бірыңғай салалық мөлшерлемесін енгізуді ұсынады, сонымен бірге жеңілдік түрінде ғана емес, заң нормасы түрінде – бұл туралы парламенттік оппозиция көшбасшысы Азат Перуашев салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР Парламентінде өткен конференцияда сөз сөйлеуі кезінде мәлімдеді.  

         «БСҰ-ға кіру алдында бізге отандық өндірушілердің мүддесі үшін заңнаманы бейімдеу қажет. Белгілі болғандай, БСҰ салықтық жеңілдіктерге тыйым салады, бірақ салық салудың салалық мөлшерлемелеріне рұқсат етеді», - деп Мәжіліс депутаты айтып өтті. Сарапшылардың мәліметі бойынша, жанама салықтың салалық мөлшерлемелері, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін Канада, Ұлыбритания, Финляндия, бірқатар басқа елдерде 0 пайыз деңгейінде қолданылады.

         «Қазақстанға сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қорғау керек және жекелеген сегменттерін ғана емес, барлығын қорғағаны жөн» - бұған Азат Перуашев сенімді – Сондықтан мөлшерлеменің нақ салалық болуы және ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеудің барлық секторларын қамтуы тиіс».

         «Тоқ етерін айтсақ, әңгіме жұмыс орындары мен біздің ауылдар мен елді-мекендердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейі туралы болып отыр» - деп атап өтті Азат Перуашев.            

 

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 17 мамыры.