Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" ҚДП: Шамадан тыс салықтық әкімшілендіру кәсіпкерлерге қосымша салық салудың жасырын түрі болып табылады.

         «Ақ жол» ҚДП: Шамадан тыс салықтық әкімшілендіру кәсіпкерлерге қосымша салық салудың жасырын түрі болып табылады.

 

         Шамадан тыс салықтық әкімшілендіру кәсіпкерлерге қосымша салық салудың жасырын түрі болып табылады – бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өткен конференцияда сөз сөйлеуі кезінде мәлімдеді.

         «Салықтық әкімшілендірудің ең өзекті мәселесіне есеп берудегі кез келген қателік үшін бизнеске салынатын тұрақты айыппұлдар айналды. Сонымен бірге бұл қателіктер көбінесе техникалық себептермен, не салық органдарының жұмысындағы кемшіліктермен байланысты» - деп парламенттік оппозиция көшбасшысы атап өтті.  

         «Жағдайлардың басым көпшілігінде мұндай қателіктер бюджетке ешқандай зиян келтірмейді, демек айыппұлдар төлету үшін пайдаланылмауы тиіс. Әйтпесе кәсіпкерлер жасырын түрде қосымша салық салумен бетпе-бет келіп отыр» - деп депутат айтып өтті.

         А.Перуашев жасырын түрде салық салудың басқа бір түрін «шотты тұтқындау» деп атады – бұл келісім-шарттардың орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға және шотты қайта қалпына келтіру кезінде салық саласы қызметкерлері тарапынан орын алатын бопсалаушылыққа алып келетін кәсіпорындардың шоттары бойынша есеп айырысу операцияларының тоқтатылуы.

         Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы егер есеп-қисап бюджетке тікелей зиян келтірмесе, салықтық есеп беру бойынша айыппұлдарды алып тастауды ұсынады. Кәсіпкерлердің пікірінше, шенеуніктердің салықтық есеп беруді жасанды түрде күрделендіруі және өз жұмыстарын бірыңғай айыппұлдар төлетуге бұру жағдайы Мемлекет басшысының бизнес-климатты ырықтандыру және іскерлік белсенділікті көтеру бойынша тапсырмаларына сәйкес келмейді.

         «Дұрыс мағынасы жағынан алғанда, бизнестің міндеті – ақша табу және мемлекетке салық төлеу. Бұл процесті бюрократтық түрде ресімдеу – мемлекет пен оның шенеуніктерінің шаруасы, сондықтан жасалған салықтық төлемдерді мінсіз ресімдеуді талап ете отырып, шенеуніктер іс жүзінде өздерінің міндеттерін бизнеске жүктеп отыр, және өздерінің жұмысындағы есеп-қисаптағы кемшілік үшін оларға айыппұл салады» - деп санайды депутат.

 

         Азат Перуашев айтып өткендей, «Ақ жол» партиясы атынан парламенттік оппозициямен қазақстандық кәсіпкерлер мүддесі тұрғысынан  салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша заң жобасы дайындалған, оны ҚДП Парламенттің күзгі сессиясында Салық комитетінің осыған ұқсас түзетулерімен бірге енгізуді ойластырып отыр. 

 

 Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 17 мамыры.