«Ақ жол» партиясы ересектерге қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған үздік әдістеме бойынша байқау қорытындысын шығарды және жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырды
«Ақ жол» партиясы ересектерге қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған үздік әдістеме бойынша байқау қорытындысын шығарды және жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырды.
Марапаттау шарасы партияның Орталық кеңесі пленумының барысында өтті.
Айта кетсек, аталмыш байқау «Ақ жол» партиясының аймақтық филиалдары жанынан ересектерге арналған қазақ тілін оқытып-үйрету бойынша ашылатын жексенбілік мектептер үшін әдістемелерді таңдау мақсатында а.ж. ақпан айында жарияланған болатын. Байқау міндеті оқытудың үш деңгейі бойынша үздік әдістемелерді анықтау болды: алғаш рет қазақ тілін үйренушілер үшін; бастапқы білімі бар және қазақ тілін кең көлемді түрде үйренуге ынтасы бар азаматтар үшін (жалғастырушы деңгей); сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгеру деңгейі.
Байқауға әртүрлі шығармашылық ұжымдардан барлығы 19 әдістемелік құрал келіп түсті. Жеңімпаздарды құрамында қазақ тілінің кәсіби мамандары, филология ғылымдарының докторлары мен кандидаттары бар тәуелсіз әділқазылар алқасы анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша келесі сыйақылар тағайындалды:
Орта және жоғары деңгейлерге арналған «Үздік әдістемелік кешен» номинациясы бойынша – «Сары-арқа» оқу-әдістемелік кешенін ұсынған Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы – 150000 тенге;
Бастапқы деңгейге арналған «Үздік әдістемелік кешен» номинациясы бойынша - «Қазақ тілі. Kazak language. Made easy» оқу-әдістемелік кешенін ұсынған «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры – 100000 тенге;
Бастапқы деңгейге арналған «Көмекші әдістемелік құрал» номинациясы бойынша – Тілді өз бетінше үйренушілерге арналған «Қазақ тілі» мультимедиалық бағдарламасын ұсынған «Руханият» орталағы – 50000 тенге;
Жоғары деңгейге арналған «Көмекші әдістемелік құрал» номинациясы бойынша – «Асыл сөз» оқу кешенін ұсынған Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығы – 50000 тенге.
Жобаны іске асырудың келесі қадамы әртүрлі облыстардан оқытушыларды таңдау және жеңіп шыққан әдістемелер бойынша жаттықтыру, курсқа қатысушылар топтарын қалыптастыру және сабақтарды өткізу үшін жағдаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады.
Тіл үйрену сабақтары барлық ниет білдіргендер үшін тегін болуы тиіс; ұйымдастыру шығындарын «Ақ жол» партиясы толықтай өз мойнына алады. Партияның облыстық филиалдарына берілетін қажетті тапсырмалар «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің осы отырысында бекітілді.
«Ақ жол» партиясы азаматтардың қазақ тілін үйренуіне белсенді түрде көмек көрсетуді өзінің күнделікті жұмысындағы маңызды қадамдарының бірі санайды. «Мемлекетті тілді ілгерілету жұмысы жікке бөлуші емес, керісінше барлық қазақстандықтарды біздің саяси тұғырнамамыздағы біріктіруші фактор болуы тиіс» - деп «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев өткен Пленумдағы сөз сөйлеуі кезінде атап өтті.
А.ж. 26 мамыры, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі