«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы Мәжіліспен талқыланып жатқан бірқатар заң жобалары бойынша Орталық кеңес пленумымен, партиялық тізім мүшелерімен (Парламентке өтпеген) және партия атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарымен консультациялар өткізді
«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы ҚР Мәжілісімен талқыланып жатқан бірқатар заң жобалары бойынша Орталық кеңес пленумымен, партия атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарымен және партиялық тізім мүшелерімен консультациялар өткізді. Консультация мақсаты даулы және күдікті мәселелер бойынша партияның бірыңғай ұстанымын жасау болды.
Партия төрағасы Азат Перуашев Есеп комитетінің Денсаулық сақтау министрлігі органдарымен сатып алынатын құрал-жабдықтар мен медикаменттер бағасының нарықтық бағадан 4 есе ұлғайтылуы, және «СК-Фармация» мемлекеттік компаниясының қызметіндегі ірі қаржылық заң бұзушылықтар туралы жақында айтылған ақпаратына байланысты денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістердің негізділігіне қатысты күдігін жеткізді.
Парламент депутаты Нұрлан Жазылбеков шағын және орта кәсіпорындардың агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша заң жобасына қатысты наразылықтары туралы айтып берді, соның ішінде тұрақтандырушы қорлардың қызметі бойынша. Депутаттың мәліметі бойынша, заң жобасы осыған байланысты туындайтын қаржылық жоғалтуларды қандай да бір өтеу механизмін кәсіпкерлерге ұсынбастан жеке бөлшек саудадағы сату бағасын шенеуніктермен ерікті түрде реттеуге мақсатталған.
Депутат Екатерина Никитинская әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша, бірқатар мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді (балалар жәрдемақысы, мүгедектер жәрдемақысы және т.б.) кәсіпкерлердің мойнына жүктеуді топшылап отырған, заңнамаға енгізілгелі жатқан түзетулердің мақсатқа сәйкестілігі жөніндегі күдіктерімен бөлісті. Аталмыш шара салық салу мағынасына қайшылық етеді, себебі бизнес міндетті әлеуметтік жүктемедегі өзінің үлесін бюджетке салық төлеу арқылы өтейді. Сонымен қатар, бұл түзетулердің енгізілуі кәсіпорындар тарапынан бала туатын жастағы әйел адамдар мен мүгедектерді жұмысқа алуда жаппай бас тартушылыққа әкеледі – деп санайды «Ақ жол» депутаттары.
Партияның орталық кеңесінің пленумы фракцияға консультациялық көмек көрсету үшін көрсетілген бағыттар бойынша салалық кеңестер қалыптастыруды тапсырды.
А.ж. 26 мамыры, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі