«Ақ жол» ҚДП фракциясы Мәжілісте қаралып жатқан рұқсат беру құжаттарын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасының аясында 5 кодекс пен 13 заңға түзетулер енгізуді ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы Мәжілісте қаралып жатқан рұқсат беру құжаттарын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасының аясында 5 кодекс пен 13 заңға түзетулер енгізуді ұсынады.
1 маусым күні ҚР Үкіметімен ҚР Парламенті Мәжілісіне «Рұқсат беру құжаттарын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы енгізілді.
Фракциямен Азаматтық, Еңбек, Су, Экология және Орман кодекстеріне, сондай-ақ «Транспорт туралы», «Автокөлік транспорты туралы», «Несиелік бюролар және несиелік тарихтарды қалыптастыру туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Инвестициялар туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарына және т.б. түзетулер енгізу бастамалары көтеріліп отыр.
Фракция депутаттарымен «Лицензиялау туралы» Заңының жаңа редакциясы ұсынылып отыр. «Ақ жол» депутаттары лицензияланатын қызмет түрлерінің тізімін қайта қарауды, лицензияланатын қызметтің салаларын, тармақтарын және тармақшаларын алып тастауды, лицензияларды алу тәртібін жеңілдетуді, беру мерзімі мен сұралатын құжаттар тізімін қысқартуды ұсынады.
Заң жобасының ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерінің бірі Азаматтық кодекске енгізілетін түзету, бұған сәйкес лицензияны сатып алушымен қайта ресімдеу немесе кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу кезінде рұқсат алу міндетін алып тастау ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, «Ақ жол» ҚДП-ға кәсіпкерлердің көптеп хабарласуымен және тиісті инфрақұрылымның болмауымен байланысты аудандық және ауданаралық деңгейде тасымалмен айналысатын автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау туралы талапты алып тастау қосымша ұсынылады және т.б.
Азат Перуашевтің пікірінше, аталған түзетулерді қабылдау «лицензиялау саласындағы қазіргі әкімшілік кедергілерді барынша жоюға, лицензиялау тәртібімен байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің шығыстарын барынша қысқартуға, лицензиялау жүйесін жөнге келтіруге, лицензиялық бақылаудың тиімділігін арттыруға, бастысы заң нормаларын екі түрлі түсіндіру мүмкіндігін жоюға» мүмкіндік береді.
2012 жылғы 8 маусым, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі