Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол": Қолданыстағы заңнаманың энергия өндіруші компаниялармен бұзылып жатқандығына кім жауап береді?
оглашен __ октября 2012 г

«Ақ жол»: Қолданыстағы заңнаманың энергия өндіруші компаниялармен бұзылып жатқандығына кім жауап береді?

 

 

Қолданыстағы заңнаманың энергия өндіруші компаниялармен бұзылып жатқандығына кім жауап береді? – «Ақ жол» фракциясының депутаттары тарифтерді қалыптастыру мен энергия өндіруші компаниялардың инвестициялық міндеттемелерін орындаулары бойынша Үкіметке қайтадан сауал жолдап отыр.  

Аталған мәселе бойынша осы жылдың 17 мамырында жолданған фракцияның депутаттық сауалына Үкімет тарапынан берілген жауапта энергия өндіруші, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қолданыстағы заңнаманы есепсіз бұзғандығы туралы фактілер келтірілген. Еске сала кетейік, сол кезде «Ақ жол» партиясының депутаттары сәуір айындағы тарифтердің қымбаттауының дәлелділігіне күмән келтіріп, Үкіметтен энергия компанияларын тексеруді сұраған болатын.        

Мәселен, Үкіметтен келіп түскен ақпарат бойынша, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ын тексеру кезінде электр стансасын 1,5 млрд теңге қаражатқа жаңғырту бойынша міндеттеменің орындалмағандығы анықталған.  

«АЖЭО» АҚ-ы (Атырау облысы) 2010 жылы 82,6 млн теңге көлеміндегі қаржыны ұтымсыз және тиімсіз шығындаған.

 «СолтүстікҚазЭнерго» АҚ-ның (СҚО) күл үйіндісін салу барысында өзіне алынған инвестициялық міндеттемелерді дұрыс орындамаған.   

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы 5,4 теңге болатын белгіленген шекті тарифтің орнына электр энергиясын 11,75 теңге/кВт*с тарифімен сатқан. Сондай-ақ, «Бәсекелестік туралы» Заңын бұза отырып, АҚ  маңызы бірдей келісімдерге қатысты әр түрлі тарифтер қолданған.    

Сонымен бірге, қатарында «AES Өскемен ЖЭО» АҚ-ы, «AES Өскемен ГЭС» ЖШС-і және «АЭС Шульба ГЭС» ЖШС-і (Шығыс Қазақстан облысы) бар бірқатар ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» Заңының 12-бабының 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, Министрлікпен инвестициялық келісімді жасамастан шекті тарифтер бойынша электр энергиясын таратуды жүзеге асырып отыр.    

Мұндай келісімдердің болмауына байланысты, аталған ұйымдардың түскен пайданың бір бөлігін қолда бар активтерді жаңартуға, қолдауға, қалпына келтіруге және техникамен қайта жарақтауға бағыттаудың орнына, өздерінің шетелдік құрылтайшыларына милиардтап дивидендтер төлейтіндігі анықталды.      

Хатта көрсетілгендей, әдепкі кезде тарифтер мен тарифтік сметаларды қалыптастыру тәртібі тиісті деңгейде белгіленбеген. 

Заңның 5-бабының 12-тармақшасына сәйкес Министрлік энергия өндіруші ұйымдардың тобын қалыптастырады. Бірақ бұл топтарды қалыптастыру тәртібі қолданыстағы заңнамамен регламенттелмеген. 

«Демек, ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің  20.12.2010 жылғы № 455 бұйрығымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдардың тобы нормативтік-құқықтық актілермен белгіленбеген критерийлер бойынша қалыптастырылған. Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастыру механизмінің заңнамамен регламенттелмеуі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін алғышарттар тудырады, себебі Заңның 12-1-ші бабының 2-тармағына сәйкес электр энергиясы үшін шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобына байланысты бекітіледі», - деп осы депутаттық сауалды бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында жария еткен Нұрлан Жазылбеков айтып өтті.          

Шекті тариф Министрлікпен энергия өндіруші ұйымдардың тиісті топтары бойынша өткен жылғы тариф пен бағаға жүргізілген салыстырмалы талдаудың негізінде ғана анықталған.

            Бірақ, электр энергиялары үшін шекті тарифтерді бекіткенге дейін, бағаларды энергия өндіруші компаниялардың өздері анықтап отырған, себебі электр энергиясын сату (өндіру) үшін тарифтерді қалыптастыру заңнамалық актілермен реттеліп отырған жоқ.  

Энергия өндіруші ұйымдардың өздері белгілеген тарифтердің дәлелділігі Министрлікпен тексерілмеген. 

 «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы тарифтерді қалыптастыру және энергия өндіруші, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы компаниялардың инвестициялық міндеттемелерді орындауын бақылау мәселелері бойынша Үкімет атына қайтадан сауал жолдап отыр және келесідей сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

 

·      Бірқатар энергия өндіруші компаниялар Министрлікпен инвестициялық келісім жасамай, электр энергиясын шекті тарифтер бойынша қалайша сатуда;

 

·      Үкіметтің 25.03.2009 жылғы N 392 қаулысымен белгіленген энергия өндіруші компаниялардың шекті тарифтері бойынша, өндірілген 1000 кВт электр қуатына шаққандағы инвестициялық міндеттемелердің үлесі қандай ақшалай баламаны құрайды;

 

·      Өздеріне алынған инвестициялық міндеттемелерді орындамаған энергия өндіруші компаниялар қандай жауапқа тартылды және заңсыз алынға пайда қалайша өндірілді.

 

            «Ақ жол» партиясының фракциясы сайлаушылар мүддесін қорғау бойынша өз қызметін жалғастыруда.

 

2012 жылғы 24 қазан, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі