Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тілді қолдану және пайдалану саласын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тілді қолдану және пайдалану саласын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне              мемлекеттік тілді қолдану және пайдалану саласын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан  Республикасының әрбір азаматының парызы. Осыған байланысты мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдар үшін басым жағдай жасау мақсатында «Азаматтық туралы» Заңның 16-бабына түзету енгізу ұсынылады, оған сәйкес:

«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті мен дәстүрі негіздерін білуі жөнінен емтихан тапсыру азаматтыққа қабылдаудың міндетті шарты болып табылады».

Бұл орайда Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау кезінде бұл талаптар кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, ақталған жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, өздерінің ерік білдіру бостандығынан тыс азаматтығын жоғалтқандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген адамдарға не Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тізбе бойынша кәсіпке ие және талаптарға сай келетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Шет елдердің заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау мұндай заңнамалық талаптардың дамыған құқықтық жүйеге ие көптеген елдерде бар екенін көрсетіп отыр. Азаматтыққа қабылдаған кезде мемлекеттік тілді міндетті түрде білу туралы талап Германия, Австрия, Венгрия, Греция, Хорватия, Литва, Эстония сияқты және басқа елдердің заңнамасында белгіленген.

Мысалы, Германияда азаматтық алудың шарттары: Германияда заңды түрде сегіз жыл бойы тұру, өзін және асырауындағы отбасы мүшелерін материалдық жағынан қамтамасыз ету қабілетінің болуы, неміс тілін жеткілікті дәрежеде білу және сол сияқтылар болып табылады.

ҚР Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссияның қазақ тілінде жаңа терминологияны ресми мемлекеттік тілге жеделдете енгізуі оның барған сайын тар шеңберлі мамандар тіліне айналып бара жатқанын талдау көрсетіп отыр. Тілді қолданудағы қиындық тіпті қазақ тілінде білім алған адамдар арасында да байқалуда. Халықаралық маңызы бар және күнделікті пайдаланылатын қазақ тіліне орнықты енген терминдер мен сөздер мемлекеттік тілден шығырып тасталуда.

Осыған байланысты мемлекеттік тілге жаңа терминдерді қоғамдық талқылау, талдау және келісу және арнайы заң қабылдау арқылы енгізу ұсынылады. Яғни жаңа терминология Қазақстан Республикасының Үкіметінде және Парламентінде қарау рәсімінен өткеннен кейін Заң деңгейінде бекітілуге тиіс. Мұндай практика тіпті мемлекеттік тіл қоғам өмірінің барлық саласына берік енген елдердің өзінде орын алған.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуды ынталандыру және саяси мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуін қамтамасыз ету мақсатында «...ҚР Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мемлекеттік тілді білуге – оқи білуге және өз ойын баяндай білуге, сондай-ақ өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде білуге міндетті» деген норма енгізу ұсынылады.

Балалардың мемлекеттік тіл мен  ана тілін меңгеруі ата-ананың парызы болып табылады және оны мемлекет қолдайды.

Қазіргі қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.

Алайда бұл норма жалпы сипатқа ие және нақтыланбаған, бұл оның практикалық макңызын төмендетеді. Оның үстіне, мемлекеттік тілді қолдану саласын дамытуды ынталандыру барынша практикалық бағытқа ие болуға тиіс. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өз қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту шығындарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен субсидиялау түрінде мемлекеттік тілді меңгеруді мемлекеттік қолдаудың практикалық механизмін енгізуді ұсынады.

Бұл норманы қаржыландыру Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде, қосымша шығынсыз жүзеге асыру ұсынылады.

Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің қоладанылу және пайдаланылу саласын кеңейту, сондай-ақ кадрларда қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында әлеуетті инвесторларға (шетелдік компанияларды қоса алғанда) инвестициялық преференцияларды бергенде, концессиялық шарт қоюда, жер қойнауын пайдалануға құқық алуға келісім-шарттарда конституциялық нормаларға сәйкес мемлекеттік тілді міндетті түрде пайдалану талабын белгілеу ұсынылады. Мұндай нормаларды «Инвестициялар туралы», «Концессиялар туралы» және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарда бекіту ұсынылады.

Осындай көзқарастың қажеттігі туралы өз өндірушілерін қолдау және өзінің мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі дүние жүзілік лидер болып табылатын Норвегияның оңды тәжірибесі айғақтайды.

Норвегияда «Мүнай туралы» Заңның 6 және 37-баптарында былай делінген: «Мұнайға қатысты қызметте мүмкіндігінше норвег тілі басым пайдаланылуға тиіс. Басқа тілдер қажетті немесе ақылға қонымды болған жағдайда қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Министрлік лицензия иесінен жұмыстың қауіпсіздігі мүддесіне және қалыпты жағдай жасауға орай қызметте норвег тілі қалай пайдаланылатындығы туралы ақпарат немесе жоспар талап ете алады.».

Норвегияда жергілікті тұрғынның мұнай-газ компаниясында жұмысқа жалдану кезінде қандай да бір шет ел тілін білуі міндет емес, қажетті біліктілігі болса жеткілікті. Қазақстанда да жұмысқа жалдаған кезде қандай да бір шет ел тілін білу жөніндегі кемсітушілік талапты жойып, осындай талапты бекіту қажет.

 

Біз қолданыстағы тіл туралы заңнамаға «Мемлекеттік тіл туралы» бөлек (арнайы) Заң қабылдауды қамтитын басқа да түзетулер енгізуді ұсынған болатынбыз. Дегенмен, «Мемлекеттік тіл туралы» бұрын енгізілген Заң жобасы бойынша теріс позицияны ескере отырып, мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдануды кеңейту жөніндегі жұмысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы нақты қадамдардан бастауды ұсынамыз. 

Жобаны іске асыру мен қабылдау қосымша бюджеттік шығындаоды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларды көздемейді.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты                                                    

 

    А. Перуашев

 

Е. Никитинская,

 

А. Әбілдаев,

 

Н. Жазылбеков,

 

М. Қазбекова,

 

А. Рысқали,

 

С. Сәрсенов,

 

А. Тұртаев

еспубликасыРР