«Ақ жол» ҚДП Еуропарламенттегі Қазақстанның позициясын қолдау және өзара әрекеттестік туралы латвиялық әріптестерімен келісімге келді.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Еуропарламенттегі Қазақстанның позициясын қолдау және өзара әрекеттестік туралы латвиялық әріптестерімен келісімге келді. Рига қаласында латвиялық «Виенотиба» партиясының басшылығымен және Еуропарламенттегі депутаттарымен өткен кездесуде «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев Еуропарламенттің кейбір мүшелерінің Қазақстанға қатысты сәйкессіз позициялары туралы түсінбестігін білдірді. «Бірқатар жағдайларда көрінеу жалған пікірлер орын алды, бұл нақты жағдай туралы білместікті көрсетеді» - деп осыған қатысты ол айтып өтті.
«Виенотиба» партиясының басшылығы мен Еуропарламенттегі латвиялық депутаттар қазақстандық әріптестерін қолдауды құптады және Еуропарламенттің басқа мүшелеріне достық жайлаған Қазақстандағы үдерістер туралы шынайы ақпаратты жеткізуге мүдделілік танытты. Олардың сөздерінше, балтық елдерінің КСРО құрамынан шығуының және тәуелсіздік алуының қайғылы ауыр кезеңінде дәл қазақстандық көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев оларға табанды рухани және саяси қолдау көрсетті.
«Сіздер Еуропарламентте бір топ достарымыз пайда болды деп есептей беріңіздер. Біз қазақстандық әріптестерімізге Еуропарламент процедураларына сәйкес олардың алғаш жүгінулері бойынша толықтай көмек көрсетуге дайынбыз» - деп Еуропарламент депутаты, Индустрия және энергетика комитетінің мүшесі Крисянис Каринс атап өтті.
Айта кетсек, Латвия атынан Еуропарламентте 9 депутат бар.
2012 жылғы 31 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі