Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке
Қазақстан Республикасының

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

1991-1995 жылдардағы Мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес ҚР Үкіметі бұрынғы Қазақ КСР экономикасының барлық салаларындағы орта және ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік тұрғын үй қорын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі шараларды жүзеге асырғаны белгілі.

«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» 1991 жылғы 22 маусымдағы Заңның нормаларына және Купон механизмі туралы ережеге сәйкес, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге азаматтардың қатысуы үшін теңдей бастапқы жағдай жасау мақсатында тұрғын үй және инвестициялық жекешелендіру купондары (ИЖК) пайдаланылды, олар мемлекеттік мүлікті сатып алу үшін заңды төлем құралы болды.

Жаппай жекешелендіру үдерісінде халыққа ашық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған Инвестициялық жекешелендіру қорларының акцияларына инвестициялық жекешелендіру купондарын айырбастау жолымен меншік құқығын иелену мүмкіндігі берілді. Инвестициялық қорлардың көпшілігі жекешелендіру жөніндегі аукциондарға қатысып, азаматтар салған купондарға айырбастап, ірі және орта кәсіпорындардың акцияларын меншікке сатып алды.

 

Республикамыздың миллиондаған азаматтары өз құқығын ұсынылған форматта жекешелендіру бағдарламасына қатысуға пайдаланды.

Сонымен қатар, Инвестициялық жекешелендіру қорларының акционерлері болып біздің отандастарымыздың көпшілік бөлігі олардың қызметінен ешқандай дивидент те не олардың қызметі туралы есеп те алған жоқ.

Аталған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы іске асырылғалы бері 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт бойы миллиондаған қазақстандықтарға өздері салған инвестициялық жекешелендіру купондарының (ИЖК) жағдайы белгісіз болып қалып отыр. Азаматтарға нақты кәсіпорындардың акцияларына салынған өздерінің купондарының конвертациялануы және олар бойынша дивиденттер төлену туралы ештеңе белгісіз; мұндай акциялардың басқарылуы қалай жүзеге асырылып жатқандығы да белгісіз, жекешелендірілген кәсіпорындардағы, инвестициялық қорлардағы олардың меншік құқығы не олардың құқық мирасқорлары туралы, сондай-ақ осындай меншікке билік ету жөнінде олардың қандай құқықтары бар екендігі туралы заңдық тұрғыда ресімделгенбе, осыларды бәрі де белгісіз болып қалуда.

Сонымен бірге, 1991-1995 жылдардағы жекешелендіру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін негізге алған жағдайда жекешелендірілген кәсіпорындардың түпкі меншік иесі қарапайым азаматтар болып табылады. Атап айтқанда, 1993 жылғы 5 наурыздағы Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының талаптарына сәйкес, Инвестициялық жекешелендіру қорлары (тиісінше олардың құқық мирасқорлары да) акционерлер алдында толық мүліктік жаупкершілікте болуға тиіс.

Осыған байланысты Инвестициялық қорлардың  миллиондаған азаматтардың салған купондарының жағдайын жасыруын басқаның мүлкіне өз бетінше билік етуі деп қарауға болады.

 

Осыған байланысты, Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден Инвестициялық жекешелендіру қорларының қызметі туралы жағдайды анықтауыңызды сұраймыз.

Атап айтқанда:

- жұмыс істеп тұрған инвестициялық жекешелендіру қорларының және жойылған, қайта құрылған қорлар мен кәсіпорындарды қоса алғанда, олар сатып алған кәсіпорындардың жағдайы туралы;

- азаматтар салған инвестициялық жекешелендіру купондарының жағдайы және жекешелендірілген кәсіпорындар меншігіне осы азаматтардың заңды құқықтары туралы;

- инвестициялық қорларға және кәсіпорындарға салынған инвестициялық жекешелендіру купондарының иелеріне дивиденттердің есептелу және төлену тәртібі туралы ақпараттар беруіңізді сұраймыз.

 

Егер бұл мәселелер 15 жыл ішінде өзінің құқықтық шешімін таппаған болса, ҚР Үкіметі тарапынан шын мәнінде жекешелендірілген кәсіпорындардың түпкі меншік иесі болып табылатын азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде қандай да бір шара қолданылатын бола ма, соған жауап қайтаруыңызды сұраймыз.

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!  

Осы баяндалғанға байланысты Сіздің назарыңызды мына жағдайға аударғымыз келеді.

Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдарының акциялар пакетін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына» сәйкес Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық компаниялардың акцияларын – «Халықтық IPO» сату жөніндегі жұмыс басталды. Қазақстан халқына «KEGOC» АҚ, «Air Astana» АҚ», «Самұрық-Энерго» АҚ», «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансойл» АҚ» және басқалардың акцияларын иелену мүмкіндігін беру жоспарланып отыр.

Осыны ескере отырып, ҚР Үкіметі Халықтық IPO-ны ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтардың құқықтарының жаппай бұзылуына және инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жекешелендіру жағдайының қайталануына жол бермеу мақсатында қандай шаралар көзделіп отырғандығы туралы жауап қайтаруыңызды сұраймыз.

 

 

Құрметпен,

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі

 «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

 

А. Перуашев

 

Е. Никитинская

 

А. Әбілдаев

 

А. Рысқали

 

М. Қазбекова,

 

Н. Жазылбеков,

 

А. Тортаев