11 мамырда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары екі өте маңызды заң жобаларды талқылады: «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Заң жобалары бойынша депутат С.М.Пономарев баяндамашыларға сұрақтар қойды.