«Ел» Ұлттық қоғамдық-саяси, экономикалық апталық
21 мамыр 2011 жыл.
Нұртай САБИЛЬЯНОВ: Жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған адам – патриот!
Маусым айы патриоттық сезімді насихаттауға арналғаны белгілі. Осыған орай, 1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан қазақтың батыр ұлдарының бірі, ұлт қайраткері, танымал меценат, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның саяси кеңесінің бюро мүшесі Нұртай Сабильянов өзінің патриоттық, елжандылық және тәуелсіздік туралы орамды ойларымен бөліседі.
– Нұртай Салихұлы, сіздің ойыңызша, Отанды сүю деге-німіз неден басталады? Қандай адамды нағыз патриот дейміз?
– Менің ойымша, Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кем-шілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Менің ойымша, нағыз патриоттық осыдан басталуы керек сияқты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой-пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі. Отаншылдық пен ана тілімізге деген зор құрметті біріктіре білген әр азаматтың елсүйермендік сезімі жоғары болады деп ойлаймын. Бұған қосып тағы айтарым, әр азаматтың отансүйгіштігі – адамдарға деген адамгершілігі, өз ісіне деген адалдығы, өз бойындағы кемшілігін мойындап қана қоймай, соны жою үшін әрекет етуі. Сонымен қатар, патриоттық дегеніміз – қазақтың өз-өзіне деген құрметі! Мысалға айтсақ, өз еліне деген құрмет – бұл мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізде болып жат-қан жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған адам – нағыз патриот! Қазақстандық жаңғыруға қатысты әрқашан өз көзқарасын ашық айтып отыру – әр азаматтың борышы болуы керек. Әр адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі өз мемлекетінің тұғырлы тә-уелсіздігін нығайтуға деген үлесі болмақ. Менің ұғымымда азат ойлы, рухани кемелденген әр адамның жүрегінде Отанға деген кіршіксіз құрмет сезімі болуы керек. Сондай-ақ, әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен қазақстандықпын! Мен елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Әрбір қазақтың жан-жүрегінде: «Қазақ елін жаудан қорғайтын да, әрі қарай дамытатын да менмін!» дейтін ұлттық мүддені көздейтін көзқарас болуы керек. Әрине, қоғам болған соң, кейбір жастардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде болмауы мүмкін. Бірақ, оның барлығы да уақытша нәрсе. Уақытша болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол – өз Отаныңа деген үлкен сүйіспеншілік.
– Сонау 86-ның қаһарлы күндерінде де Сіз сияқты мыңдаған қазақ жастарын алаңға алып шыққан осы Отансүйгіштік, патриоттық сезім емес пе?! Өйткені, Желтоқсанда алаңға шыққан жас-тар ең алдымен, ана тіліміздің мүддесін ту етіп көтерді емес пе? Сол кездері Сіздердің жалындаған жүректеріңізде қандай патриотизм болды?
– 1986 жылы желтоқсан айында біздерді алаңға алып шыққан қазақ халқының мұқалмас намысы еді. Өйткені, сол кездегі тоталитарлық жүйе Қазақстанға Колбин сияқты көлденең көк аттыны бірінші басшы етіп қою арқылы намысымызды аяққа басты. Өр намысты ту еткен әрбір қазақ өзінің патриоттық нық сезімімен алаңға шығып, біріншіден, намысы бар ұлт екенін, екіншіден, ел болып бірігіп, мемлекет құра алатын халық екенін, үшіншіден, өз мемлекетінің басшысын өзі таға-йындай алатын ұлт екенін көрсете білді. Желтоқсанның тарихи маңызы осында. Сол жолы қазақ бүкіл әлемге өзінің демократияны қолдайтын, бастары бірігетін, ұйымшыл ұлт екенін дәлелдеп берді. Менің ойымша, бүгінгі жас-тар өз елінің, өз Отанының мұң-мүддесі үшін бастарын бәйгеге тіккен жалынды желтоқсаншылардың патриотизмді қалай көрсете білгенінен үлгі алуы керек.
– Тәуелсіздік пен Отаншылдық деген ұғымдардың арасында қандай байланыс бар?
– Тәуелсіздік пен Отаншылдықты біз бір-бірінен бөліп қарама-уымыз қажет. Өйткені, бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Себебі, Тәуелсіздікті оп-оңай ала салған жоқпыз. Ол қаншама ғасырларға созылған күрес-тердің нәтижесінде біздің маңдайымызға бұйырды. Яғни, тә-уелсіздікке қол жеткізу арқылы еркіндікке, азаттыққа ұмтылдық. Сөйтіп, тәуелсіз мемлекетімізді құрып, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Мемлекеттік рәміз-деріміз бен ұлттық ақшамыз дү-ниеге келді. Ұлттық экономикамызды, әлеуметтік жүйемізді өзіндік жолымызбен қалыптастырдық. Елбасымыз айтқандай, осы тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғайтын адам – нағыз патриот, нағыз отансүйгіш. Десек те, біздің қоғамда әртүрлі көзқарас бары рас. Біздің ортамызда кеңестік психологиямен өмір сүретін адамдар әлі де көп. Олар бұрынғы кеңес заманын аңсайды. «Ол заманда барлығын мемлекет қолдайтын. Ештеңеден таршылық болмаған. Оқуды да оқытатын, жұмыс та тауып беретін» дейді олар. Ол кезде бір ұлттың үстемдігі жүріп тұрғанын ешкім айтқысы келмейді. Ал қазір заман басқа. Бұрын тек мемлекет қана адамдарға жұмыс беріп келсе, қазір әрбір іскер азамат адамдарға жұмыс ұсына алады. Кез-келген адам кәсіпкерлікпен айналысып, өзінің іскерлігін, озық тәжірибесін, ұмтылысын толық көрсете алатын болды. Мұның несі жаман. Биыл Қазақстан өз тә-уелсіздігін алғанына 20 жыл толады. Осы 20 жылдың ішінде Қазақ елі өзінің өркениетке ұмтыл-ған, дами алатын ұлт екенін, әлемдік қауымдастықта өз орыны бар беделді мемлекет екенін дәлелдей алды. Дамудың даңғыл жолына түскен халықтың бір-бірін қолдауын, қоғамдағы тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді де шынайы патриоттыққа жатқызуға әбден болады. Қазақ халқының ерекше бауырмалдығы, қарапайымдылығы, ізгілігі қоғамдағы тұрақтылықтың бірден-бір кепілі дер едім. Қазақ халқы әрі қайсар, әрі еңбекқор, әрі білімге құштар, жаңашылдыққа жақын ұлт. Қайсарлығының арқасында талай биіктерді бағындырды. Әділдігінің арқасында қоғамда барлық этнос-тар тең құқықтар мен мүм-кіндіктерге ие болды. Үшіншіден, қазақтың білімге, еңбекке деген ерекше құштарлығы басқа халықтарда кездесе бермейді. Төр-тіншіден, қазақ жастарының жаңашылдыққа жақындығы біздің ешбір ұлттан кем емес екен-дігімізді көрсетеді. Мінеки, осындай тамаша қасиеттерді бір бо-йына жинақтаған қазақстандықтар әрқашан өз мемлекетін қор-ғай да, қолдай да алады.
– «Сен патриот бол!» деп құр айғайлағаннан ешкім патриот бола салмайды ғой. Сіздің ойыңызша, қазіргі жастарға патриотизмді қалай насихаттаған дұрыс?
– Расында да, біз кей кездері бірді-екілі іс-шараларды өткіземіз де, «патриоттықты насихаттадық» дейміз. Ол дұрыс емес. Патриотизм дегеніміз 1-2 жылда атқарған іс-шаралармен адамның санасына сіңіре салатын нәрсе емес. Патриоттық сезім әрбір адамға отбасындағы тәлім-тәрбиеден, мектепте алған білімінен бастау алады. Яғни, нағыз елжанды азаматтарды шығару үшін, дұрыс тәрбие мен жақсы білім беруіміз керек. Патриот болам деген азамат ең алдымен, өзінің ана тілін жетік меңгеруі керек. Әр балаға жастайынан өз тарихымызды, мәдениетімізді, өнерімізді, спортымызды дәріптей білсек, олардың санасында патриоттық сезім пайда болады. Екіншіден, патриоттық дегеніміз әрбір адамның күнделікті ісінен де көрініс табады. Қалай? Мысалға, мектеп пен жоғары оқу орынында жақсы оқып, өз қабілетімен жұмыс тауып, отбасын құрып, өзі тұратын мемлекетке деген адалдығын көрсету де патриоттыққа жатады. Себебі, отбасын құрып, балалы болған адам халқымыздың санын көбейтуге атсалысады. Менің пікірімше, Қазақстан үшін қазір халықтың санын көбейту де патриоттықтың үлкен бір түрі болуы керек. Әйтпесе, кейбір жастарымыз әлеуметтік жағдайын, жұмысбастылығын алға тартып, аз балалы болып жатады. Бұл тұрғыдан көп баланы дүниеге әкелген аналардан үлгі алуымыз керек, нағыз еңбек сол аналарды құрметтеп-қолда-уымыз. Үшіншіден, біздің мемлекетіміздің сындарлы саясаты барлық жастарды патриоттыққа үндеп отыр. Қалай? Мысалға, мемлекет: «Сен осы елдің азаматысың! Әрқашан осы елдің қор-ғауында боласың! Сен осы мемлекетті дамытуға атсалысуың керек! Сен осы мемлекеттің болашағына жұмыс істеуің керек!» деген саясат жүргізіп отыр. Қазіргі кезде қазақстандықтар әлемнің қай қиырына барып, білім алғысы келсе – барлық мүмкіндіктер бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жастарымыз шетелдердің ең үздік деген жоғары оқуы орындарында оқып жатыр. Ал, Қазақстанда қалып оқығысы келетіндерге мемлекеттік гранттар, несиелер беріледі. Оқуын жақсы аяқтаған адам жақсы жұмысқа тұруға да мүмкіндік алады. Отбасын құрады. Оның өзінің үйі болуы керек. Міне, осы мәселені шешу үшін, Үкімет мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда. Осыдан кейін: «Елім маған осынша көмек көрсетті. Ал өзім Еліме не беремін?» деп ойлануы керек. Яғни, өз елінің мүддесіне аянбай қызмет ететін жастар – шынайы патриоттар.
– Көптеген елдерде спортты патриоттықты дамытуға керемет пайдаланады. Мысалға футболды алайық. Үлкен қалаларда, үлкен стадиондарда өз елінің ойыншыларына жанкүйер бол-ған жұрт патриоттықтың ғажайып үлгісін көрсетпей ме? Бізде осы жағы неге кемшіндеу?
– Өйткені, көптеген спорт түрлерінде әлі күнге дейін қазақтың қара домалақ балалары өз деңге-йінде көріне алмай жүр. Мысалға, жеңіл атлетика, футбол, шайбалы хоккей, шаңғы спортын ала-йықшы. Шындығын айтсақ, әлі күнге кешегі кеңестен қалған өзге ұлттың жаттықтырушысы тек өз ұлтының өкілін алуға, соны тәрбиелеуге атсалысып жүргенін көреміз. Небір талантты деген қазақтың қара домалақтары қағажу көріп жүр. Шығыс Қазақстан облысында шаңғы спорты мен хоккейді дамытуға көп мүмкіндік бар. Бұл спорт түрлері дамып та жатыр. Бірақ, онымен айналысып, жетістікке жетіп жүрген көбінесе қазақ баласы емес. Мектеп жасындағы әр ауылдағы қазақ балаларын іздеп-та-уып, тәрбиелейтін болсақ, бұл патриоттықтың ғажап үлгісі болар еді. Бізде басымдыққа ие екі спорттың түрі бар. Ол – бокс пен күрес. Біз спортта осы бокс пен күрестен қазақстандық патриотизмнің үздік үлгісін көрсетіп келеміз. Мысалға, марқұм Бекзат Саттарханов 2000 жыл Сидней олимпиадасында алтын алғанда қуанбаған қазақ қалған жоқ! Өзінің осындай талантты ұл туғыз-ған ұлт екенін мақтан тұтты. Жастар үшін де, мемлекет үшін ол үлкен серпіліс болды. Содан соң, қаншама жастар бокспен айналыса бастады. Ермахан Ыбырайымов та сол жылы Олимпиада чемпионы атанды. Кейінгі олимпиадада жалғыз ғана чемпионымыз Бақтияр Артаев алтыннан алқа таққанда көзіне жас алмаған қазақ жоқ. Сондай-ақ, бокстан тағы бір олимпиада чемпионымыз – Бақыт Сәрсекбаев. Алайда, біз осындай чемпиондарымызды, ұлттық мақтаныштарымызды өз деңгейінде бағалап-құрметтей алып жүрміз бе? Міне, патриоттық ұстаным осыдан басталады. Ұлттық мақтаныштарымызды қадірлеу арқылы отаншылдықты дамытуға болады. Немесе жал-ғыз спорт қана емес, өнер, мәдениет, ғылым, тіпті кәсіпкерлікте үлкен жетістіктерге жеткен қазақстандықтарды дұрыстап дәріп-тейтін болсақ, патриотизмге үлкен септігін тигізер еді. Мысал-ға, үлке табысқа қол жеткізген кәсіпкерлер сол деңгейіне қалай көтерілді? Олардың жүрген жолы мен тапқан тәжірибесін насихаттау көптеген азаматтардың іскерлік қызметке деген қызығушылығын оятады. Бір кездері базарда азғантай тауарын сатып іс бастаған адамдар, бүгінде өз еңбегімен зауыт, фабрикаларды басқарып, отандық өнім шығарып, жұмыс беріп отырған болса, оларды жастарға неге үлгі етуге болмайды? Бір ескеретіні, оларды мемлекет қолдап жүрген кейбір кәсіпкерлерден бөліп көрсетуіміз керек. Неге? Өйткені, біздің қоғамда мемлекеттің қолдауына сүйеніп, тамыр-танысы арқылы несие алып, кәсіп ашып, алған қарызын әлі қайтара алмай жүргендер де бар. Менің ойымша, патриотизм қазақтың іскерлігін де көрсететін ұғым болуы тиіс.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Таңатар ТАБЫНҰЛЫ