Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Отандық газ саласының жағдайын талқылау бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті.

Жиынның басты мақсаты – отандық газ саласының жағдайын талқылау, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың VIII шақырылымның бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын жүзеге асыру. Іс-шараға Мәжіліс депутаттарымен қатар Энергетика министрлігінің және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Отырысты ашқан комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин депутаттарды министрліктің және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен таныстырып қана қоймай, одан әрі дамуды талап ететін мәселелерді қарастыру екенін айтты.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы газ саласында реформа жүргізілгенін баяндап, жер қойнауын пайдалану саласында жақсартылған модельдік келісімшарт қабылданғанын айтты. – Қабылданған реформалар газдың ресурстық базасын ұлғайтуға және газ саласына инвестициялар тартуға бағытталған. Нәтижесінде біз 2029 жылға қарай шамамен он миллиард текше метр газдың қосымша өсімін күтеміз, – деді министр. Сонымен қатар А. Сәтқалиев бүгінгі таңда QazaqGaz Қашаған кен орнында қуаты жылына бір миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салып жатқанын, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу» зауытының базасында жаңа газ өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Зауыттар жоспар бойынша 2025 жылы пайдалануға беріледі. Министрдің айтуынша, жалпы газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі осы жылы Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша газға көтерме бағаны 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен ұлғайтуды жоспарлап отыр. – 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін халық үшін газдың бөлшек бағасының өсуі ел бойынша 1-3 теңгені құрайды, ал ірі коммерциялық тұтынушылар мен цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар үшін газдың орташа бөлшек бағасы бір текше метр үшін 33 теңгені құрайды, – деді министр. Ал бөлшек сауда бағаларын 1 литр үшін 50-70 теңгеге мемлекеттік реттеу нәтижесінде өткен жылы сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28 пайызға өскен.

Одан әрі «QazaqGaz»ҰК» басқарма төрағасы Санжар Жаркешов газ саласындағы жағдай туралы баяндама жасады. – Өткен жылы елімізде газ тұтынудың ең жоғары деңгейі тіркелді. Болжам бойынша 2030 жылға қарай тауарлық газдың болжамды тұтынылуы 44 млрд текше метрге жетуі мүмкін, ал ресурстық база бар болғаны 35 млрд текше метр болады. Осы орайда газ саласына жүйелі реформалар қажет, – деді басқарма төрағасы.

Отырыс барысында Дүйсенбай Тұрғанов, Самат Мұсабаев, Ажар Сағындықова, Бауыржан Смағұлов, Арман Қалықов, Ерболат Сатыбалдин, Аян Зейнуллин тиісті орган басшыларына газ саласында қордаланған мәселелерге қатысты сұрақтар қойдық.

Менің бірінші сұрағым Ұлытау облысындағы тауарлық газды тасымалдауға байланысты болды.


Стенограммадан үзінді:

"Мысалы, тауарлық газ Қызылордада 8,5 теңге, Қарағанды мен Жезқазғанда 28,6 теңге, Астанада – 27,5 теңге. Бұл КазТрансГаз Аймақтың 2023 жылдың мамыр айына бекіткен тарифі.

Жезқазған мен Қызылорданың арасы 420 шақырым, Жезқазған мен Қарағандының арасы 520 шақырым, Астана мен Жезқазғанның арасы 720 шақырым, сондықтан Қарағанды мен Ұлытау облысының екеуіне ортақ бекітілген 28,6 теңгені Ұлытау облысы Жезқазған қаласы үшін қайтадан қарауды сұраймын.

Екінші сұрақ газдық қазандықтарды орнатуға байланысты. Мысалы, орта есеппен 70 метр квадрат тұратын үйге Астанада орнату 400 мың теңге, Алматыда 300 мың теңгеден басталады, Оңтүстікте одан да арзан, ал Жезқазған үшін 800 мың теңгеден басталады. Осы баға айырмашылығы, болмаса соны орнататын лицензиясы бар компанияларды Жезқазған қаласына әкелуге бола ма?

Үшінші сұрақ. Орнатылған қазандықтардың күтіп баптауы (обслуживание) Қызылордада жылдық бағасы 1,5 мың теңге, Жезқазғанда 25-30 мың теңгенің арасында. Бұл қалай? Не нәрсеге байланысты? Сол жерде жұмыс істеп жатқан компаниялар сіздерден рұқсат алып обслуживание бағасын өздері орната ма? Рақмет.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы, Жаркешов Санжар. 

Біріншіден, жаңа облыстарды айттыңыз, соған қысқа-нұсқа жауап – газдың бөлшек сауда бағасы Ұлттық экономика министрлігі және көтерме бағасы Энергетика министрлігімен белгіленеді. Ол баға неге байланысты? Транспортировкаға байланысты. Газ көбінесе батыста екенін өзіңіз білесіз, тұтыну көбінесе оңтүстікте, енді қазір Астана, Ұлытау облысы, Қарағанды да дамып жатыр, олардың тұтыну көлемі де артып жатыр. Бірақ газдың бағасы біріншіден, өзіндік құны (себестоимость) логистикалық шығынға байланысты болады. Сондықтан КРЭМ, Ұлттық экономика министрлігі соңғы бөлшектеп сату бағасын сол шығындарға байланысты белгілейді. Әрине, олардың инфляционный коридоры бар, өзінің методикасы бар. Бұл сұрақ бойынша Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бар, комментарий айтады деп ойлаймын. Ұлытау облысына басқаша қарағандарыңыз жөн деген сұрағыңызға жауап беретін шығар.

Екінші сұрағыңыз қазандықтар (подключениеге қолданатын котел) бойынша. Бізде ол жеке дербес нарықтағы сервис. Бұған «QazaqGaz» ұлттық компаниясы болсын, басқа ұлттық компаниялар болсын қатысы жоқ. 500-ден астам жеке компаниялар өздері бағаны белгілейді, өздері тұтынушылармен келіседі. Әсіресе Астана бойынша былтыр Мемлекет басшысы үлкен жиналыс өткізіп, газге қомсылу неге қымбат деп сұрақ қойды. Сол кезде біз өзіміздің позициямызды айттық, жаңа өзімнің баяндамамда да айттым, құрылыс монтаж жұмыстарына «QazaqGaz» ұлттық компаниясының сервисі 100 мың теңге ғана, ал жекеменшік компаниялар 130-150 мың теңгеге дейін барады екен. Қосылу бағасының қымбатшылығының 70-80 пайызы құрал-жабдықтардың қымбатшылығынан. Ол да ұлттық компанияға қатысы жоқ. Олар жеке дербес кәсіпкерлер, өздері Ресейден, Италиядан, Қытайдан, басқа мемлекеттерден әкеліп сатады. Біздің оларға ықпал жасауға ешқандай құзыретіміз жоқ. Бірақ айта кетерім, Астанада жиналыс болғанда Мемлекет басшысы бағаның максималды бағасын фиксировать етіп қойыңдар деп АЗРК-ға тапсырма берді, сондықтан ол жұмыс жасалып жатқан шығар. Ұлттық экономика министрлігі қосатын шығар.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары ҚОСЫМБАЕВ Тимур. Сұрағыңызға рақмет. Шынымен де көтеріліп отырған мәселе жөн. Әр регионның тарифі бөлек. Ол, атап өткендей, әр өңірге тасымалдауына байланысты. Алдында әріптесім атап өткендей, газ батыста өндірілетін болса, мысалы, Қарағандыға жеткізу үшін транспортные расходы туда включаются. Сонымен қатар ол объемға да байланысты. Қазіргі таңда орталық Қазақстан мен Астанада объем өсіп келе жатыр, ол да бағаға әсер етеді. Оның үстінде «КазТрансГаз Аймақ» филиалының жұмыскерлерінің жалақысы, салықтары және басқа да төлемдері бар. Осы факторларды бірге қосып қарастырғанда тарифтің бағасы шығады. Сол себепті әр өңірдің тарифтері ерекше болады, бір-бірінен айырмашылығы болады.

 САТЫБАЛДИН Е.Ж. Еділ Терекбайұлы, мен екеуінің де жауаптарына қанағаттанған жоқпын.

ТӨРАҒА. Тағы бір сұрағыңызға жауап бермеген сияқты. Сіздің үшінші сұрағыңыз қандай еді?

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Үшінші сұрақ – обслуживающий қомапаниялар обслуживаниеге 25-30 мың теңгенің арасында алатыны туралы. Сосын бірінші қойған сұрағымды, маған жауап қылып қайтып айтып отырсыздар. Бағаның транспортировкаға байланысты болатынын біліп мен сіздерден сұрап тұрсын ғой. Қызыорда 8,5 теңге, Қызылордадан 420 километр жердегі Жезқазғанда 28,6 теңге, ал сол Қызылордадан бір мың шақырым жердегі Қарағандыда да тура сондай. Енді сол бағаның айырмашылығы неде десем, сіздер маған транспортировкаға байланысты деп өзімнің айтқанымды өзіме қайтарып айтып тұрсыздар. Ана жерде 8,5 теңге, Қызылордадан 420 шақырым мына жерде 28,6, енді Жезқазғаннан 520 шақырым жердегі Қарағандыда да тура сондай. Бұрынғы қарағанды облысы ғой, сол облысқа бекіткен бағаны қазір сіздер Қарағанды, Ұлытау деп жазып қоя салғансыздар. Осыны қайта қарау керек деп отырмын.

ТӨРАҒА. Айтып отырғаны – Қызылордадан Астанаға қарағанды, Ұлытау жақын. Солай ма?

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Солай.

ТӨРАҒА. Бірақ екеуінің бағасы бірдей болып отыр. Біреуі мың километр, біреуі 450 километр, сонда неге оның бағасы бірдей болады дейді. Сіздер жаңа логистикаға тасымалдауға байланысты деп отырсыздар, енді Ұлытауға келетін жол екі есе аз болып тұр, бірақ бағасы Астанамен бірдей. Неге бірдей деген сұрақ? Сіздердің жауаптарыңда логика жоқ болып тұр. Құрметті әріптестер, соны түсіндіріп беріңіздерші маған. 450 километрге де 28 теңге, солай ма? 28 мың ба?

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Сонда мың кубына 28 мың.

ТӨРАҒА. Иә, мың кубына 28 мың. Астанаға да сондай баға. Екеуінің арақашықтығы екі түрлі, Қызылордадан біреуі – 450, біреуі – мың километр дейді.

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Еділ Терекбайұлы, Астанаға арзандау.

ТӨРАҒА. Арзандау тіпті.

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Жезқазғанда 28,6, Астанаға 27,5 болып жетеді.

ТӨРАҒА. Ал енді түсіндіріңдер.

ҚОСЫМБАЕВ Т.Е. Первый момент. Хотел отметить, из чего складывается тариф. В структуре тарифа оптовая цена товарного газа занимает порядка 76 процентов, расходы на транспортировку – порядка 18 процентов, остальное – реализация.

Первый блок утверждает Министерство энергетики по согласованию с Министерством национальной экономики.

Если мы берем отдельные области, то утвержденная цена оптовой реализации товарного газа по Кызылординской области составляет 9194 тенге, а по Карагандинской области – 25764 тысячи тенге. Мы здесь видим, что львиную долю занимает опт. Цена в Кызылординской области по сравнению с Карагандинской…

ТӨРАҒА. Нет, он спрашивает про Жезказганскую область, Астана и Жезказганская область.

ҚОСЫМБАЕВ Т.Е. Карагандинская область и Улытау рассчитываются по одной категории.

Плюс есть расходы, которые…

ТӨРАҒА. Астана же дальше, чем Караганда. Или я географию не знаю?! Если так рассуждать, после Кызылорды Караганда, потом идет Астана.

ҚОСЫМБАЕВ Т.Е. Жоқ, Астанамен 25 мың теңге, Қарағанды мен Ұлытау облысына 25 мың теңге.

САТЫБАЛДИН Е.Ж. Сіз қазір соманы без НДС айтып тұрсыз.

ҚОСЫМБАЕВ Т.Е. Оның бағасы неге байланысты?

ТӨРАҒА. Екі түрлі деп отыр ғой. Онда былай жасайық, сіздер Сатыбалдинге газға байланысты барлығын хат түрінде жазып беріңдер. Ереке, содан кейін егер осы мәселе шешілмей жатса, онда өзіңізге осы тарифті белгілейтін, есептейтін құзырлы органдардың бәрін шақырып алып, қалам мен қағазбен отырып өзіңіз бірге есептеп шығыңыз. Біз сол кезде қандай методикамен есептеді, қандай факторлар әсер етіп отырғанын көреміз. Қазір біз мына жерде толық анықтай алмаймыз, сондықтан оны жұмыс барысында жеке кездесіп шешу керек сияқты. Шынында да ондай айырмашылық болатын болса, ол дұрыс емес деп ойлаймын. Мүмкін кезінде облыс бөлінбей тұрған кезде есептеп жіберді ме екен, әлде басқа да факторлар әсер етеді ме екен нақты анықтау керек."

Жиынды қорытындылаған Еділ Жаңбыршин тауарлық және сұйытылған газдың ресурстарын ұлғайту, елді газбен қамтамасыз ету, газ саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру, алауларда ілеспе газды жағуды және кері айдауды қысқартуға ынталандырушы тәсілдер кешенін әзірлеу қажет екенін атап өтіп, мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басты міндет екенін айтты.