Бүгін әлеуметтік мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша көшпелі отырысы болып өтті. Бүгінгі сапарымыз “Локомотив құрастыру зауыты” АҚ болды. Зауыт құрылысы 2009 жылы басталған, жалпы аумағы 27,4 га алып жатқан зауытта 855 жұмысшы қызмет етеді екен. Бүгінгі күнге дейін 524 локомотив өндірілген. Өндіріс басшысы Марат Болатұлы зауыттың әр бөлімімен комитетке мүше депутаттарды таныстырып, локомотив құрастырудағы жұмыстың қыр сырын түсіндіріп өтті. Айтуынша кейбір бөлшектер болмаса, негізінен 70 % пайызы бізде жасалады екен. Зауытты аралап болған соң комитеттің көшпелі отырысына келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова, зауыт басшылығы және депутаттар тобы дөңгелек үстел басында еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша мәселелерді талқылады. Алдағы уақыттарға еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасы айтылды. Себебі шахтада, тағы да басқа мекемелерде болып жатқан жағдайлар өте күрделі мәселелер. Жыл сайын өндіріс орындарында қанша адам өмірімен қоштасып, қаншасы еңбек жарақатын алуда. Жұмыс беруші мен жұмысшының ортасындағы келісім шарттар, кәсіп одақтың рөлі және жұмысшымен жұмыс берушінің жауапкершілігі мәселелері жайлы айтылды. Басты мақсатымыз - жұмыс орындарындағы апаттарды азайтып, қауыпсіздікті күшейту. Яғни, адам өмірі бірінші орында болуы керек. Иә, “Сақтықта қорлық жоқ” деген. Әр жұмысшының қауыпсіздігін ойлайтын мекеме, қашанда оның алдын алу қажет. Қазақ елінің дамуына әр адамның, әр жұмысшының үлесі бар. Сондықтан әрбір еңбек еленіп, әр отбасыда амандық болсын деп тілеймін!