Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілісмендер әйелдер мен отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты

Мәжілісмендер әйелдер мен отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты

Мәжіліс депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Динара Закиева, және Ләззат Рамазанова  әйелдер мен отбасы мәселелері жөніндегі мамандандырылған парламенттік кеңестің онлайн-отырысына қатысты.Форумды Иран Ислам Республикасы Ислам Кеңесінің Мәжілісі мен Азия Парламенттік Ассамблеясы (АПА) ұйымдастырды. АПА халықаралық парламенттік ұйымы      2006 жылы Тегеранда (Иран) бейбітшілік үшін Азия парламенттер қауымдастығының   7-сессиясында құрылды. Ұйым Бангладештің бастамасы бойынша 1999 жылы Азия парламентшілерінің бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін конференциясында бекітілді. Ассамблеяның басты назарында қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу, соның ішінде Азия өңіріндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету, ұлттық парламенттердің күш-жігерін үйлестіру мәселелері жатыр. Қазіргі уақытта Азия Парламенттік Ассамблеясының құрамына тұрақты негізде 42 мемлекеттің парламенттері кіреді, 16 ел мен 9 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие. (Мәжілістің баспасөз қызметі-74-63-05)