Сүлейменова
Жұлдыз
Досбергенқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2023 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы платформасына төрағалық еткен болатын. Еліміздің төрағалығы аясында бірнеше шара ұйымдастырылды.


04.12.23ж

https://m.facebook.com/story.php?&&

https://www.instagram.com/p/C0i252Ms7pg/?==

Құрметті достар! 2023 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы платформасына төрағалық еткен болатын. Еліміздің төрағалығы аясында бірнеше шара ұйымдастырылды.

Осы жылдың қорытынды конференциясы «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу» тақырыбына арналды. Талқылауға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Кошанов  Ерлан Жаханұлы:

– Қазақстан адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және басқа да көптеген халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Бүгінде заң шығарушы ретінде жұмысты тереңдете түстік. Депутаттар осы саладағы заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Ең әуелі  біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отырмыз, –  деп атап айтты.