Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда облысындағы кездесудің жалғасы

✅Облыс орталығына оралдық. Қызылорда қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөліміне бас сұқтық.

🟠Сарбаздардың жатын орнын, асханасын, техника тұратын жерін көрдік. Әскерилердің жұмысымен таныстық. Қазіргі таңда бөлімде 818 адам бар. Оның 300-ден астамы қызылордалық азамат. Алдағы уақытта бөлім тағы 300 адамға көбеймек.

❗️Сол себепті, мұндағы мәселелерге назар аударып, оны шешуге күш салуымыз керек. Әскерилердің айтуынша, бөлімнің аумағындағы алаңдарды, жолдарды, тротуарларды асфальттау қажет. Жатақхана да күрделі жөнделсе дейді.

📌Ұлттық ұлан – қауіпсіздік қалқаны. Елдің тұтастығы мен тыныштығын сақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі айрықша. Сондықтан, Ұлттық ұланның, оған қарасты бөлімнің кем-кетігін толтыру – басты міндет.

✍️Біз өз тарапымыздан айтылған мәселелерді шешу үшін заңдылықтарды, жергілікті немесе республикалық бюджеттен қаржы бөлдірудің жолдарын қарастыратын боламыз.