Аймақтағы жұмысы
Әділет министрінің орынбасары Д.Р. Құсдаулетовпен Павлодар облысының маслихат хатшыларымен кездесу өткізген кезіндегі Е.Ж. Жұмабаевтың сөйлеген сөзі. Сенат, 2007 жылғы 14 мамыр
Құрметті әріптестер, шақырылғандар!
Бүгінгі кездесудің басты мәселе-лерінің бірі мүлікті жария ету процесімен байланы-сты мәселе болып табылады.
Мүлікті жария ету акция-сының баста-луына біздің азаматтар іс жүзінде иелік ететін, бірақ тіркел-меген не дұрыс ресім-делмеген мүлікті азаматтық айналысқа тарту себеп болғаны белгілі. Істің мұндай жағдайы, өз кезегінде, ел экономика-сының даму-ына елеулі кедер-гілер жасады.
Мүлікті азаматтық айналысқа тарту мақса-тында оны жария ету тәжіри-бесі Германия, Франция және басқа-лары сияқты көптеген дамыған елдерде бұрын-нан қолда-нылып келеді.
Қазақстан да нақ осындай жолды таң-дады.
2006 жылғы 5 шілдеде ел Парламенті «Мүлікті жария етуге байланысты рақым-шылық жасау туралы» Заңды қабылдады.
2006 жылдан бастап 2007 жыл ара-лығында «Мүлікті жария етуге байланысты рақым-шылық жасау туралы» Заңға екі мәрте өзгерістер мен толықтыру-лар енгізілді.
Құрметті әріптестер, шақырылғандар!
Ұсы-нылған мәсе-лелерді талқылау үшін қатысып отырғандар Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Д.Р. Құсдаулетов.
Сенат депутаттары.
Сондай-ақ біздің қонақтарымыз, Павлодар облысы мәслихаттарының хатшылары:
ГАФУРОВ Ринат Мифтахұлы - Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы
ЛЕБЕДЬ Вячеслав Дмитриевич - Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы
ПАВАНОВ Бақыт Паванович - Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы
ЖАРТАЕВА Назира Асайынқызы - Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы
МАШКОВА Галина Алексеевна - Железин аудандық мәслихатының хатшысы
ЗЕЙНЕШЕВ Хамза Зейнешұлы - Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы
ЫБРАЕВ Қанат Шайқыұлы - Қашыр аудандық мәслихатының хатшысы
БЕКТЕМІРОВ Рашит Бектемірұлы - Май аудандық мәслихатының хатшысы
ШӘЙМЕРДЕНОВ Балғабай Мыңбайұлы - Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы
ОМАРҒАЛИЕВ Мәдениет Қабылдаұлы - Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы
БАЙҚОЖИН Темірхан Шәриденұлы - Успенск аудандық мәслихатының хатшысы
СМАҒҰЛОВ Мұратбек Әбуұлы - Лебяжье аудандық мәслихатының хатшысы
НҰРҒАЛИЕВ Жарылқасын Қапсәләмұлы - Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы
МҰҚАНОВ Төлеутай Нәжмиденұлы - Ақтоғай аудандық мәслихатының
хатшысы
Мүлікті жария ету процесі мәселесі бойынша, сондай-ақ тұтас-тай алғанда Министрлік жетек-шілік ете-тін мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Д.Р. Құсдаулетовке сөз беріледі.
Қорытынды сөз
Құрметті әріптестер, шақырылған лауазым иелері!
Бүгінгі кездесу-імізді қорытын-дылай келе, мүлікті жария ету мәселе-лері тұтас-тай алған-да ел халқының және әрбір қазақстан-дықтың өмір сүру дең-гейін көтеруге бағыт-тал-ғанын атап өткім келеді.
Сондықтан да оларды жүзеге асыру процесі Парламент депутат-тарын да, жергілікті өкілді органдар депутат-тарын да толған-дырады.
Әділет министрі-нің сөйлеген сөзінен және бүгінгі кездесу-імізден біздер Министрлік жетек-шілік ететін барлық мәселелер бойынша, оның ішінде мүлікті жария ету мәселе-лері бойынша да жүзеге асы-рылып жатқан жұмысты көрдік.
Құрметті әріптестер!
Қорытын-дылай келе, мүлікті жария ету ісінің жай-күйі туралы жан-жақты ақпараты үшін Зағипа Яқияқызына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Біз өткізген кездесу-дің өз нәти-желері болады және ол бұдан кейінгі жұмысымыз-дың процесінде жалғасын табады деген ойдамын.
Шақырыл-ған-дардың барлығына, бұқ-аралық ақпарат құралдары өкілдеріне қатыс-қандары үшін алғысымды білдіремін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Ж. ҚАРАҚҰСОВАМЕН кездесу кезіндегі сөйлеген сөзі. Сенат, 2007 жылғы 14 мамыр
Құрметті әріптестер, шақырылған лауазым иелері!
Бүгінгі кездесуде Президенттің Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауына орай мемлекеттің әлеуметтік саясаты мәселелерін талқылаймыз, онда экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік береді деп атап өтілген. Үкіметке экономиканың өсуі мен біздің қаржылық мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Парламент заңнамалық база жасады.
1997 жылы:
- «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»;
- «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары.
1999 жылы:
- «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»;
- «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Заңдар,
- 2000 жылдары:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдар қабылданды.
Құрметті әріптестер, шақырылған лауазым иелері!
Осы мәселелерді талқылауға қатысып отырғандар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеумет-тік қорғау министрі – ҚАРАҚҰСОВА Гүлжан Жанпейісқызы.
Сенат депутаттары.
Сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаттарының хатшылары:
ГАФУРОВ Ринат Мифтахұлы - Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы
ЛЕБЕДЬ Вячеслав Дмитриевич - Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы
ПАВАНОВ Бақыт Паванович - Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы
ЖАРТАЕВА Назира Асайынқызы - Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы
МАШКОВА Галина Алексеевна - Железин аудандық мәслихатының хатшысы
ЗЕЙНЕШЕВ Хамза Зейнешұлы - Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы
ЫБРАЕВ Қанат Шайқыұлы - Қашыр аудандық мәслихатының хатшысы
БЕКТЕМІРОВ Рашит Бектемірұлы - Май аудандық мәслихатының хатшысы
ШӘЙМЕРДЕНОВ Балғабай Мыңбайұлы - Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы
ОМАРҒАЛИЕВ Мәдениет Қабылдаұлы - Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы
БАЙҚОЖИН Темірхан Шәриденұлы - Успенск аудандық мәслихатының хатшысы
СМАҒҰЛОВ Мұратбек Әбуұлы - Лебяжье аудандық мәслихатының хатшысы
НҰРҒАЛИЕВ Жарылқасын Қапсәләмұлы - Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы
МҰҚАНОВ Төлеутай Нәжмиденұлы - Ақтоғай аудандық мәслихатының
Хатшысы
Сөз Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Гүлжан Жанпейісқызы ҚАРАҚҰСОВАҒА беріледі.
Қорытынды сөз
Құрметті әріптестер, шақырылған лауазым иелері!
Сөзімнің қорытындысында мемлекет экономикасының дамуына және оның мүмкіндіктерінің артуына байланысты әлеуметтік мәселелерге барған сайын көп көңіл бөлініп отырғанын атап өткім келеді.
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы 2005 – 2007 жылдардағы жолдауларын іске асыру үшін 49 заң жобасын әзірлеу көзделген: олардың ішінде:
- 1 заң жобасы мемлекет Басшысына қол қоюға жіберілді;
- 10 заң жобасы Парламентте жатыр;
- 4 заң жобасы Үкіметте жатыр;
- 4 заң жобасы «Үкімет жағында» келісу сатысында жатыр;
- 18 заң жобасы әзірлену сатысында жатыр;
- қалған 12 заң жобасын әзірлеу 2008-2009 жылдарға жоспарланған.
Қазіргі кезде мемлекеттік органдарға ел басшылығы айқындайтын міндеттерді жедел заңнамалық тұрғыдан реттеуді талап ететін бірқатар заң жобаларымен жұмысты тездету тапсырылды. Атап айтқанда, ағымдағы сессияның аяғына дейін 14 заң жобасының, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобаларының қабылдануын қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Парламент Еңбек кодексін қабылдап, оны мемлекет Басшысына қол қоюға жіберді. Оны талқылауға жұртшылықтың көптеген өкілдері қатысты, Парламент Сенатында жетекші ғалымдардың қатысуымен еңбек заңнамасын кодификациялау мәселесіне арналған конференция өткізілді.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру үшін іске асырылып жатқан және болашақта қажет болатын басым бағыттардың бірқатары осы залда айтылды.
Құрметті әріптестер!
Сөзімнің қорытындысында Гүлжан Жанпейісқызына республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат туралы жан-жақты ақпарат бергені үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Өткізілген кездесудің өз нәтижелері болып, ол мемлекетіміздің әлеуметтік саясатымен байланысты заң жобаларын Парламент қабырғасында талқылау кезінде өз жалғасын табады деп ойлаймын.
Барлық шақырылған лауазым иелеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысқандары үшін рақмет айтамын.