Жұмабаев
Ермек
Жианшаұлы

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Жаңа заң - серпін береді" атты тақырыбында Е.Жумабаевтың Егемен Қазақстан газетіндегі мақаласы 2013 ж 25 мамыр

                                      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және

құқық қорғау  органдары комитетінің мүшесі

Е.Ж. Жұмабаевтың газетке мақаласы

 «Егемен Қазақстан»  25.05.2013 ж.

 

 

ЖАҢА ЗАҢ - СЕРПІН БЕРЕДІ

 

         Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарын реформалауды одан әрі жалғастыру және ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуды кезекті сатымен жүргізу қажеттігін басым міндеттердің бірі ретінде айқындап берген болатын. Бұл ретте ел Президенті құқық қорғау органдарының кадрларын сапалы тұрғыдан жаңарту, басшылардың президенттік резервін құру және ағымдағы жыл ішінде құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу міндетін де жүктеді.      

         Бұл қызметтің басты басымдықтары: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің ден қоюының сөзсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды тез әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және оларды жауапкершілікке тарту, құқық бұзушылық профилактикасы, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.        

         Құқық қорғау органдарына азаматтардың құқықтары мен бостандығын, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген. Құқық қорғау органдарының әрбір қызметкеріне мемлекеттік қызметші ретінде жоғары талаптар қойылады. Бұл орайда аталған қызметкерлердің мүлтіксіз беделі мен жоғары моральдық-адамгершілік келбетінің маңызы зор.

         Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Білім туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізіледі.

         Бұл Заң құқық қорғау органдарына жұмысқа алынатын қызметкерлерді барынша сапалы іріктеу мақсатында әзірленіп отыр. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметіне жұмысқа қабылдау кезінде үміткердің міндетті түрде психофизиологиялық куәландырудан өтуі, оның ішінде оларды полиграфологиялық зерттеу көзделеді. Заңға сәйкес қызметтік тергеу жүргізу кезінде де қажеттілігіне қарай полиграфологиялық зерттеу жасалуы мүмкін.

         Полиграф («жалған айтуды анықтау детекторы») әлемнің көптеген елдерінде пайдаланылады. Полиграфты пайдалана отырып, сауалнама жүргізу сұралатын адамның денсаулығына зиян келтірмейтін рәсім, бұл бұрын орын алған қандай да бір оқиға туралы ақпарат алуға бағытталады. Көптеген елдерде оны пайдалану құқық қорғау органдары қызметінің кадрларға қатысты мәселелерді шешу кезінде міндетті атрибут болып табылады. Осы саладағы зерттеулер көбіне полиграфты пайдалану тиісті адам хабарлап отырған ақпараттың анықтығын тексерудің және ол жасырып отырған фактілер туралы мәліметтер алудың бірден бір мүмкіндігі екенін көрсетіп отыр.

         Құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау кезінде полиграфологиялық зерттеулер жүргізу жұмысқа орналасудың уәждерін айқындауға, заңдылықты және тәртіпті бұзуға бейім адамдардың пайдакүнемдік мақсаттарды көздеуін анықтауға мүмкіндік береді, бұл азаматтарды құқық қорғау орғандарына қызметке алу үшін кәсіби психологиялық іріктеу жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

         Заңға сәйкес полиграфологиялық зерттеуден өткізу тәртібін Үкімет айқындамақ.

         Заңда құқық қорғау органдарының қатардағы және басшылық құрамының лауазымдарын атқарудың жалпы қағидалары да айқындалған, қызметкерлерді құқық қорғау органдарының қарамағына алу тәртібі мен оның негіздері нақтыланып, құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың шекті жасы ұлғайтылған.

         Оған қоса Заң құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резерві мәселелерін реттейді, ол құқық қорғау органдарының бос тұрған жоғары басшылық лауазымдарын атқару үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында жасақталады.                                         

         Заңға сәйкес конкурстық негізде атқарылатын лауазымдардың тізбесін, бұл лауазымдарға арналған біліктілік талаптарын, конкурсты өткізу және тағылымдамадан өту шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік органмен келісе отырып, айқындайды.

         Прокуратура органдарына жұмысқа алғаш кіріскен адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тәртіппен бір жылға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.

         Бұдан өзге, Заңда жекелеген ұғымдар нақтыланып, бірінші арнаулы атақ берудің тәртібі реттелген.

         Заңмен «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін өзгерістер құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқитын азаматтарға тегін екінші жоғары білім алу құқығын берумен байланысты болып отыр.

         Әрбір қызметкер азаматтардың құрметі мен сеніміне қол жеткізген жағдайда ғана құқық қорғау органдарының оң беделі қалыптасады. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің халық талап ететін әрекетіне бағытталған қызметті бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін әзірлеу және енгізу құқық қорғау органдарын реформалаудың негізгі мақсаттарының бірі болуға тиіс. Құқық қорғау органдарына «халық сенімінің» деңгейі жоғарлауы керек.