Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С.Н. АХМЕТОВКЕ
Құрметті Серік Нығметұлы!
«Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық кәсіпорны (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігінің көне әрі ірі педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және ол педагогикалық ғылым бағыттары бойынша аймақта алдыңғы орындарға ие.
Жұмыс істеген 50 жыл ішінде институт қабырғасынан тек Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ғана емес, одан тыс жерлерде де табысты жұмыс атқарып жүрген 30 мыңнан астам педагог шығарылды.
Жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарының, сондай-ақ Ресейдің, Қытайдың, Өзбекстанның, Монғолияның, Германияның, Украинаның талапкерлері мемлекеттік білім беру гранттарымен де, шарт негізінде де білім алу үшін аталған ЖОО-ны таңдайды.
Мамандарды жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы даярлай-ды, олардың 51,2%-ның ғылыми дәрежелері мен атақтары бар.
ЖОО жоғары кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын 26 мамандық, бакалавриат даярлау бағытының 3 тобы бойынша жүзеге асырады. 8 мамандықта көптілді білім беру енгізілген. Үздік әлемдік практикаға сәйкес 10 білім беру бағдарламасы әзірленді.
Институт жыл сайын Қазақстан ЖОО-лары арасында Қазақстандық агенттіктер рейтингісінде алдыңғы орындарға ие. 2013 жылы ұлттық рейтингте ЖОО 14-орынды алды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің басты рейтингісінде – 15 орынды иеленді.
ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» және «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» журналдары шығарылады.
ЖОО-да, оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен де, іргелі және қолданбалы зерттеулер белсенді жүргізіледі.
ЖОО-ның рөлін бакалаврларды даярлаумен ғана шектеу мұғалім мамандығының беделі мен тартымдылығын арттырмай, оқуларын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде жалғастырып, ғылыми-педагогикалық кадрлар резерві болуға қабілетті перспективті студенттердің кетуіне әкеліп отыр.
Қазіргі кезде ЖОО-да бакалаврларға ғана емес, магистрлерге де сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін заманауи деңгейдегі материалдық-техникалық база бар.
ЖОО-ның магистерлік даярлығының болмауы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұндары сабақтастығының бұзылуына әкеледі.
Бүгінгі таңда ЖОО жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жауап береді және университетке өзгерту үшін білім беру ұйым түріне сәйкес келеді.
Осыған байланысты Сізден «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК-дан «Павлодар мемлекеттік педагогикалық универ-ситеті» ШЖҚ РМК-на өзгерту мүмкіндігі туралы мәселені қарауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Депутаттар Е. ЖҰМАБАЕВ
М. БЕГЕНТАЕВ
В. БОБРОВ
А. КҮЗЕКОВ
А. НҰРКИНА