Әлтаев
Нұржан
Бауыржанұлы

Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

ӘЛТАЕВ Нұржан Бауыржанұлы Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Үйленген.

2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетін, 2019 жылы Алматы Менеджмент Университетін бітірген. Мамандығы – заңгер, экономист. Іскерлік басқару докторы.

Еңбек жолын 2002 жылы ЖШС-да кеңесші-заңгер қызметінен бастады.

2003-2004 жылдары - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттік мәселелер бойынша проректор.

2005-2012 жылдары - мемлекеттік органдарда әртүрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды. 2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы.

2008-2011 жылдары - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ департаментінің директоры.

2008-2011 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өндірістік басқармасының бастығы.

2011-2012 жылдары - «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары.

2012-2013 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету» ЖШС директоры.

2013-2014 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры.

2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары - ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.

2018-2019 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі.

2019 жылдың ақпан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты. Аграрлық мәселелер бойынша комитеттің мүшесі.

ҚР ІІМ «Тәртіпті қамтамасыз етудегі ерекше қызметі үшін», Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл», ІІІ дәрежелі «Еңбекке адалдығы үшін», Қазақстандық Ассоциация «KAZENERGY» мұнайгаз және энергетикалық кешенінің құрылуының 10 жылдығына арналған «Батыр Шапағаты», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.