Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Прогресс күші

2025 жылғы 3 ақпан                                                              Астана қ.

Н.Дементьева Парламент кітапханасында өткен «AI дамуының заманауи трендтері және оны реттеудің тәсілдері» тақырыбындағы кездесуге қатысты.

Бүгінде жасанды интеллект әлемдегі маңызды бағытқа, қазіргі заманғы прогрестің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келеді және экономиканы түбегейлі өзгертуге қабілетті болып отыр. Алдыңғы қатарлы елдер оны экономиканың түрлі салаларында белсенді пайдалануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жасанды интеллектіні ілгерілету үшін берік негіз құру бойынша шаралар іске асуда. Атап айтқанда, үздік әлемдік тәжірибелерді біріктіретін және инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ететін AlemAI озық технологиялар орталығы құрылды.

Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен кездесуде AI сарапшылары - AstanaHub резиденті М.Бекес және Яндекс компаниясының машиналық интеллект зертханасының басшысы А.Крайнов жасанды интеллектті қолданылу салалары мен технологиялары туралы хабардар етті.

Іс-шара ақпараттық сипатта болды және Мәжілістің қарауына ұсынылған Жасанды интеллект туралы заң жобасымен жұмыс істеу алдында өтті. Кездесуге қатысушылар құқықтық реттеудің әлемдік үрдістерін, оның ішінде адам құқықтарын қорғау тұрғысынан да талқылады.

Н.Дементьеваның пікірінше, жасанды интеллект біздің өмірімізде өзекті. «Бұл ретте бірқатар факторларды ескеру керек: ол адам интеллектін иммитацияласа да, жетілдіруді және үнемі түзетуді қажет етіп отырады. Өйткені деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын жоғалту қаупі арта түседі. Жүйелер хакерлік шабуылдардың объектісіне айналуы мүмкін, ал жеке ақпараттың үлкен көлеміне рұқсатсыз қол жеткізудің пайдаланушылар үшін елеулі салдары болуы мүмкін. Сондықтан маңызды міндет – жасанды интеллектті енгізу және пайдалану кезінде деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті депутат.