2025 жылғы 18 сәуір Астана қаласы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Дементьева «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысына қатысты.
Отырыста :
-Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау туралы;
-Кәсіби стандарттарды жетілдіру қорытындылары туралы;
-Колледждерде оқу бағдарламаларын жұмыс беруші серіктестермен бірге жасаудағы академиялық дербестік нәтижелері туралы мәселелер қаралды.
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрайымы Ж.Сүлейменованың кіріспе сөзінен кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалды. Депутат «AMANAT» партиясы атқарған ауқымды жұмыс арқылы ТжКБ-ны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі екі есе артқанын атап өтті. Бұл жеке меншік ұйымдардағы педагогтердің жалақы мөлшерін мемлекеттік деңгейге теңестіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте ТжКБ оқытушыларына ғылыми дәрежесі үшін үстемақы белгілеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
Жиын барысында бейінді министрліктер мен ведомстволардың өкілдері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау бойынша қолға алған жүйелі жұмыстарын таныстырды.
Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспан министрліктің колледждерді транс-формациялау бойынша жұмысы туралы ақпарат берді. Осы мақсатта 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Онда техникалық және кәсіптік білім беру ісін дамытудың басым бағыттары айқындалды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова Жоғары білім беру саласындағы міндеттердің жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Жаңа кәсіптер атласында өңірлік ерекшелікті ескере отырып, кадрлар даярлаудың басым бағыттары және экономика салаларында инновацияларды дамыту айқындалады. Оларда 500-ден астам жаңа мамандық анықталды.Министрлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында құзырет орталықтарын құру тәртібін әзірледі және бекітті. Сонымен қатар, 30 өңірлік ЖОО-ға 100-ге жуық колледж бекітілген, олар өңір үшін кадрлар даярлауды тандемде жүргізетін болады. Жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Министрлік 2024 жылғы 26 желтоқсанда жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде 2025 жылға арналған Салалық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Биахметов Ұлттық біліктілік жүйесінің жұмысына назар аударды, оның цифрлық платформасында барлығы 513 мамандықты қамтитын Кәсіптер тізілімі қалыптастырылып, орналастырылған. 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жұмыс орнында жұмыссыздарды жұмыс берушіде оқыту бойынша жаңа қысқа мерзімді кәсіби оқыту түрі іске қосылды. Электрондық еңбек биржасында қысқа мерзімді онлайн курстар Порталыжұмыс істеуде. Бұл Портал – онлайн курстарға маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша қолжетімділік беретін халықаралық білім беру платформаларының қазақстандық баламасы болып табылады.
Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылындағы негізгі жобалардың қатарында 7-11 сынып оқушыларына арналған жаңа кәсіптік диагностика функционалы бар «Мансап компасы» платформасы, 500 мыңнан астам мектеп оқушысы мен ТжКБ студенттерін қамтитын Skills.enbek.kz платформасындағы «Сенің мансап жолың» курсы бар екені айтылды.
Өз сөзінде Н.Дементьева: «Парламент Мәжілісінде жасанды интеллект туралы заң жобасы қаралуда. Зерттеулер мен болжамдарға сәйкес, болашақта бірқатар мамандықтарды жасанды интеллект алмастырады. Осы болжамдарды ескере отырып, мектеп оқушыларына перспективалы сұранысқа ие мамандықтарға қатысты түсіндіру бойынша интеграцияланған кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу, яғни озық, алда жүретін жұмыс істеу қажет»-деді.
Отырыс барысында талқылау, пікір алмасу болды, соның нәтижесінде бірқатар ұсынымдар әзірленетін болады.