Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.12.2013

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданында кездесу өткізді


Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков

Бәйдібек ауданында кездесу өткізді

 

Астана, 4 желтоқсан.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы  Парламент  Мәжілісінің  депутаты,  "Нұр  Отан" партиясы»  фракция мүшесі Ұласбек Сәдібеков  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданы  партия белсенділері және мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат ҚР Парламенті қабырғасындағы бүгінгі күнге дейін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кең көлемді баяндама жасады. Партия белсенділері мен мәслихат  депутаттары өздерінің  ұсыныс  пікірлерін  білдірді:

Төлешов Бақберген - аудандық кәсіподақ ұйым төрағасы, партия  ардагері   кәсіподақтар туралы заң жобасына орай өзінің ұсыныстарын ортаға салды. Салалық кәсіподақтарды біріктіру қажет екенін, бастауыш кәсіподақ  ұйымдарының белсенділіктерін  көтеру керектіні  айтты.

№1 мектеп –интернат  директоры, «Ағарту» БПҰ төрағасы Дүйсенбеков Тұрсынәлі - Білім мен ғылым  саласындағы жиі-жиі қабылданатын эксперимент пен реформалардан тұралап қалғанын ескертті. Ауыл спортын  дамыту  қажет  екенін, аудандық спорт комплексін  салу қажет  екенін айтты.

Игіліков Әбдраш - зейнеткер, партия  ардагері Мыңбұлақ ауыл округінен. Сонымен  қатар қыстық  отын  көмірдің  тоннасы 14-20 мың теңгеге дейін  көтерілгеніне байланысты тұрғындардың қиналғанын айтып  өтті.

Оңтүстік Қазақстан газетінің меншікті  тілшісі, партия  ардагері – Тұржан Серікбай дене шынықтыру және спорт туралы қабылданатын Заңға  өзінің  ұсыныс- пікірін  мәлімдеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі