Депутаттың сауалына жауап келді
Астана, Мәжіліс Үйі. 10 наурыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сағымбек Тұрсынов Бас Прокурор Рашид Түсіпбеков, Бас әскери прокурор Айтмұхамет Төлеуханов пен Қорғаныс министрі Даниал Ахметовке төмендегідей депутаттық сауал жолдаған болатын:
«Соңғы уақытта әскери қызметкерлер мен әскерлердің өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиілеп кетуі ел ішінде үлкен дүрбелең туғызуда. Басқаны айтпағанның өзінде соңғы бір ай ішінде өз-өзіне қол жұмсап, өмірін қиюдың бірнеше оқиғасы тіркелген. Оның бірі Қарағандыда орын алды. 22 жастағы солдат темір жол көпіріне шығып, жоғары кернеулі тоққа соғылып көз жұмған. Ал келесі оқиға Алматы маңындағы 11567 әскери бөлімде болды. Бұл жерде кіші сержант өз үйінде асылып қалған. Ол аз десеңіз офицерлер өз өмірлерін қиюда Алматы облысы Үшарал кентіндегі әуе базасының офицері противогаз бауына асылып қалса, соның алдында бір офицердің денесі табылған. Мұның бәрі жаңа жылдың алдында ғана орын алған жағдайлар.
2008 жылдың 2 қаңтарында Қарағанды облысы Спасск қалашығындағы 31775 әскери бөлімшеде бір солдат асылып өлген болатын. Бұл өткен жылғы алғашқы оқиға болатын. Содан бері жыл бойында бірнеше рет осындай оқиғалардың болғаны туралы ақпарат құралдары жазып, көрсетті. Бейресми мәліметтерге қарағанда қарулы күштердегі өзін өзі өлтіру оқиғалары әлдеқайда көп көрінеді. Көп жағдайда оқиғаны жасырып, ата-аналарын үгіттеп, елге жария етуге мүмкіндік берілмейді дейді.
Осыған орай төмендегі сұрақтар туындайды:
1. 2008 жылы әскер қатарындағы солдатар мен әскери қызметкерлер арасында өзін-өзі өлтіру оқиғаларының нақты саны қанша?
2. Олардың өз өмірін қиюына итермелеген қандай жағдайлар?
3. Бір жыл ішінде осындай оқиғаларға байланысты қанша қылмыстық іс қозғалды?
4. Қазіргі уақыттағы әскердегі моральдық-психологиялық жағдай қандай?
Екінші айтайын дегенім, біраздан бері бір топ запастағы офицерлер өздеріне тиеселі пәтерлерін ала алмай зар қағып жүр. Қазақстан Республикасының «Әскери қызметкерлер мен олардың отбасының мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау» туралы заңына сәйкес оларға тұрғын үй берілуі керек болатын. Алайда бұл әлі күнге шешілмей келеді. Оған себеп не және ол мәселе қашан шешіледі?
Соңғы жылдары еліміздің қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемі бірнеше есеге артса да әскерилердің әлеуметтік жағдайы неге шешілмейді? Осындай жағдайлар қайғылы оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін емес пе?».
Депутаттың сауалына Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтен келген жауапта: 2008 жылы ҚР Қарулы Күштерінде 26 әскери қызметші өзіне-өзі қол жұмсаумен өмірлерін қиған. Олар – 2 офицер, 12 келісімшарт бойынша әсери қызметші, 12 мерзімді қызметтегі әскери қызметші. 19 оқиға бойынша ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 2 тармағы негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың барлық фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Қорғаныс Министрінің, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, ҚР Қарулы күштері түрлері бас қолбасшысының, іскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының құйрықтары шығарылды. Өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын болдырмау жөніндегі шараларды уақтылы қабылдамаған лауазымды адамдар тәртіптік ретпен қатаң жазаланды, бірқатар офицерлер атқарып отырған лауазымдарынан шеттетілді.»,- дей келе министр өзіне-өзі қол жұмсауға ықпал ететін негізгі себептер мен факторларды нақтылап атап өткен.
Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігінде және әскерлерде күн тәртібінің іс-шаралары мен демалыс алдындағы және демалыс күндеріндегі жоспарлардың орындалуын бақылау топтары өз қызметін жүзегеасырады, бұл жалпы алғанда әскери қызметшілердің мінез-құлқының ауытқуы алдын алуға оң ықпал етуде.
Бүгінде Қарулы Күштердің барлық құрылымдарының жұмысы, құрылған жас буынды зерделеу жүйесі өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқына бейім адамдар тобын ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Әскери психологтардың медициналық қызметпен және жергілікті әскери басқару органдарының кәсіби психологиялық іріктеу мамандарымен өзара іс-қимыл жүйесі орнатылды және жетілдіруде»,- деп жауап берген министр 2009-2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде әскери қызметшілер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың психологиялық алдын алу бағдарламасы жасалып жатқанын жеткізді.
Ал, Бас Прокурор Рашид Түсіпбеков жауабында: соңғы кездері жиі көрініс тауып отырған өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалар бойынша себептерін анықтау мақсатында тергеу алды тексерулер жүргізіліп жатқанын, ондай оқиғалар прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын, қәзіргі кезде Қарулы Күштерде моральдық-психологиялық жағдай тұрақты деңгейде екенін хабарлайды.
(Әзірлеген Сәуле Досжанова, баспасөз қызметкері.
баспасөз қызметі таратып отыр.Т.74-63-01.SauleD.@parlam.kz)2009
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі