Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2013

Біз мақта саласын дамытуды мемлекеттік реттеу мен қолдауды сұраймыз


Біз мақта саласын дамытуды  мемлекеттік реттеу мен қолдауды сұраймыз

 

Астана, Мәжіліс үйі. 9 қаңтар. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен   жалпы отырыста  депутат Ұласбек Сәдібеков Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.

«Депутаттардың атына Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта өсіру, өндіру және оны өткізу ісімен айналысушы шаруалардың атынан көптеген өтініштер келіп түсуде. Атап айтқанда 2007 жылы қабылданған «Мақта саласын дамыту туралы» заң.

Заңның қабылдануы ауылшаруашылығы өндірушілеріне:

- зауыттан қаржылық тәуелділіктен құтылуға;

- өсірген өнімімен өзі айналысуға,  тиісінше мақта шикізатына және талшығына да сатып алушыны таңдауға, өндірген өніміне «әділ» баға және кредиттік ресурстар алуға мүмкіндік берді.

Заңмен мақта саласын дамытуды  мемлекеттік реттеу мен қолдауды қамтамсыз ететін құқықтық, ұйымдастыру және экономикалық негіздері қаланды. 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде мақта саласын жалпы мемлекеттік қаржыландыру 2,7 есеге  артты. Бұл тұқым өсірушілікті, су шаруашылығын қолдауға,  ЖЖМ-ны,  минералдық тыңайтқыштарды және  басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуды субсидиялауға қатысты. 

Осылайша, мақта саласын одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасалған болатын.

Алайда, түсіп жатқан өтініштерді талдау нәтижесі - осы саладағы қалыптасқан  жүйелі проблемеларды көрсетті, бұл бірінші кезекте бағаның қалыптасуы, мемлекеттік қолдау, сондай-ақ бизнесті жүргізу кезіндегі қиыншылықтар.

 

Осы мәселелерге орай,

- ауыл-шаруашылығы өнімдерін экспорттауда астықтан кейін екінші орында тұратын мақта саласын дамыту мақсатында  қолданыстағы «Мақта саласын дамыту туралы» заңға өзгерістер енгізуді,

- дайындалып жатқан «Агробизнес – 2020» бағдарламасында мақта шаруашылығын басымдықтар қатарына қосуды,

- мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңа технологиялармен қайта жабдықтау үшін мемлекеттік қолдауды қарастыруды ұсынамын».

 

(Сәуле Досжанова. Суретті түсірген  Сайлау Майлыбаев. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі