Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.01.2013

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында


Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында

Астана, 14 қаңтар. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірлерде насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өксікбаев, С.Сорокин Жамбыл ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдау, білім беру саласындағы жетістіктер және алға қойған міндеттер туралы хабардар етіп, еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің сақтауына барша қазақстандықтардың қосып отырған үлесіне, 2050 жылға жоспарланып отырған стратегиямен, қаржы саласындағы бағдарламалар, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан істермен таныстырды. Елбасы Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығын баяндап жеткізді.

Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын жеткізіп жатты.

Мәжіліс депутаттарының Жамбыл облысындағы жұмыс жоспары жалғасуда.

 

(Сәуле Досжанова. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі