Орал – Жолдау: Мәжіліс депутаттары Оралдағы «Зенит» зауытында болды.
Астана, 15 қаңтар. Мәжіліс Үйі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновпен бірге Оралдағы «Зенит» зауыты» АҚ болды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірлерде насихаттау жұмыстарын түсіндіру мақсатында жүрген депутаттар негізгі өндіріс цехтарын көріп, «Барыс» кемесін құрайтын цехпен танысты. Кездесуге 900-дей зауыт қызметкерлері жиналды. Зауыт директоры кемеге тұсаукесер жасағаннан кейін депутаттар зауыт ұжымымен әңгімелесті.
Енді халық қалаулылары Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданына барып ҰҚК ШҚ 12 шекара отрядының «Погодаево» шекара заставасының жеке құрамымен және «Сырым» шекаралық бақылау бөлімшесінің жеке құрамымен кездеседі.
(Сәуле Досжанова. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі