Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2013

Мәжіліс депутаты медицина қызметкерлерінің ортасында болды

1 / 3

Мәжіліс депутаты медицина қызметкерлерінің ортасында болды

Астана, 15 қаңтар.Мәжіліс Үйі

 

Қазақстан Респбуликасы Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  биылғы  «Қазақстан 2050» - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты  халыққа жолдауын талдау, насихаттау  мақсатында Алматы қаласының  Әуезов ауданындағы «Экономика және статистика» академиясында, №6 қалалық емханасында кездесулер өткізді.

Кездесуге академияның оқытушылары мен студенттері және оқу орнындағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Жиналысты ашып, басшылық еткен «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омаров Мұрат Сағатұлы  Елбасының «Қазақстан 2050» - стратегиялық бағдарламасын   - ХХІ ғасыр жолдауына балады.  Еліміздің 15 жыл бұрын қабылданған 2030 жылға дейінінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы 7 басымдылық бойынша міндеттер негізінен жүзеге асып,  әлемнің дамыған мемлекеттері арасында 51 орынға тұрақтануымыздың оңайлықпен келмегендігін атап өтті. Ендігі мақсат жеткен жетістігімізді жоғалтып алмай, оны  ары-қарай дамытып,  дүние жүзінің дамыған 30 мемлекетінің  құрамына кіру.

Елбасы алға қойып отырған жаңа міндеттер әр адамнан үлкен жауапкершілікті, сапалы еңбекті, белсенділікті, білімділік пен тәрбиелікті және өз елінің патриоты болуды талап ететіндігін сөзге тиек етті.

Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы – жолдауды мейлінше жатық тілде талдады.

- Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты  халыққа Жолдауы  – тарихи маңызы бар құжат. Мен бүгін аудиториядан жастарды көріп қуанып отырмын. Себебі 2050 жылы елдің тұтқасын ұстайтын, оның әлеуетін көтеріп, іргесін күшейтетін – нағыз сіздер боласыздар. Сіздер оны маңдайларыңызға жазған бақ пен бақыт деп біліңіздер.

Жалпы Елбасының биылғы жолдауын төрт бөлікке бөліп қарауға болады.  Бірінші – Біртұтастық, Екінші – Бәсекеге қабілеттілік, – Капитал және Мәдениет. Осы бағыттың барлығында да Елбасының басты мақсаты – халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын, білімді, білікті   кадрлар дайындау. Жоғары жалақы, жұмыспен, баспанамен қамту,  еңбекке бейім кәсіпкерлер мен озық ойлы азаматтарды қолдау, елімізге, ғылымымыз бен адамзат өміріне пайдалы инновациялық ойларды жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті ұлттық  қоғам мен азаматтарды тәрбиелеу – туралы кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында Мәжіліс депутатына  студенттер  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша сауалдар қойды.  Сондай-ақ,  еліміздің жастары үшін жасалып отырған барлық мемлекеттік бағдарламалар – олардың сауатты білім алуына, мамандық иесі атанып, инновациялық идеяларын ұсынуға,  қолайлы жұмыс табуына, еңбекақының мәселелері, баспанамен қамтамасыз ету – сияқты іс-шаралардың барлығы жас мамандарды қолдау әрі оларға қамқорлық көрсетудің алғышарттары екенін басып айтты. Сонымен бірге ұрпағымыздың рухани байлығы, ұлттық қасиеттердің жоғалмауы, патриоттық тәрбиенің басымдылығы – біздің баға жетпес құндылықтарымыз туралы да тұщымды пікірлер айтылды.   

Сол күні депутат №6 қалалық емханасының жұмысымен танысты. Мұндағы мақсат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мен  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты жолдауларында тапсырылған халықтың денсаулығы мен медициналық көмек көрсетілу сапасы, мекеменің  заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталуы мен олардың іс-жүзінде қолданылуы, мамандардың біліктілігі мен кадр мәселесі, емделушілердің  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, тегін медициналық көмектің берілуі мен емханадағы емделушілермен  жүздесу болды.   

Солардың ішінде ең маңыздылары жалпы медицина саласының қызметкерлері мен  дәрігерлердің құқығын  қорғайтын – Қазақстандағы   Медициналық құқық жөніндегі  Ассосациясын құру мәселесі және  әлемдік тәжірибеде кең қолданысқа ие болып отырған адам ағзасындағы ауруды анықтау үшін  «капсулалы әдістің» тиімді тұстары мен қолданысқа енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар тыңдалды.

Кездесу соңында емхана басшылығы –Парламент Мәжілісінің депутаты Исимбаева Гүлмира Истайбекқызына мекеме атынан алғыс хатын жолдап, естелік суретке  түсті.

 

(Сәуле Досжанова. Суретті түсірген  Сайлау Майлыбаев. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі