Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.01.2013

Мәжіліс депутаты Г.Исимбаева қоғамдық қабылдау өткізді


Мәжіліс депутаты  Г.Исимбаева қоғамдық қабылдау өткізді

 

Астана, 17 қаңтар.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 2050» - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  Жолдауын түсіндіру мақсатында іссапарда жүрген Мәжіліс депутаты Гүлмира Исимбаева «Нұр Отан» ХДП  Алматы қаласы, Әуезов аудандық филиалы кеңсесінде  аудандық атқарушы билік өкілдерімен бірге қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудан тұрғындарының  әлеуметтік, саяси, азаматтық және жеке басының құқықтары мен мәселелері туралы толғандырып жүрген өзекті мәселелерінің шешімін табатын ақырғы амалы, сенім артып келген соңғы үміті -  осы қоғамдық қабылдау бөлімдерінде талқыланады. Мұндағы ең басты нәрсе – халықтың сенімі. Осының арқасында қоғамдық қабылдау бөлімі – бүгінде билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болып отыр.

Парламент Мәжілісінің депутаты - Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен өткен аталған қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінен   сот шешімімен келіспеу, пәтер мәселесі, материалдық көмек көрсету, билік өкілдері қызметкерлеріне шағым айту секілді барлығы 9 өтініш қабылданып,  құқықтық көмектер  көр­сетілді. Өтініштердің басым бөлігі жедел шешілді,    бірнешеуі   заңгерлердің кеңесімен депутаттық сұраныс арқылы жауабын таппақ, қалған сұрақтар аудандық атқарушы биліктің өкілдеріне нақты тапсырылып, оң шешімін табуына атсалысуы жүктелді.  Мәселелердің шешімін табу, оның орындалуын  қадағалау жұмыстары толығымен Әуезов ауданының қоғамдық  қабылдау бөліміне тапсырылды.  

 

 

(Сәуле Досжанова. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі