Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.01.2013

Мәжіліс депутаты Алматы өңірінің халқымен жүздесуде


Мәжіліс депутаты Алматы  өңірінің халқымен жүздесуде

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Азамат Әбілдаев  халықпен кездесуін Алматы облысының  Балқаш ауданында жалғастырды.

Тәуліктің бірінші жартысында депутат Миялы ауыл округінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы биылғы Елбасының елге Жолдауы болды. Депутат сайлаушыларға алдымен Елбасының өз Жолдауында Қазақстанның осы күнге дейін бағындырған белестерін және қазіргі жағдайын тереңнен талдап, Еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауларына жеке-жеке тоқтап елге жеткізді. Халық өз тараптарынан өздеріне деген жасалынып жатқан қамқорлыққа ризашылдықтарын білдірді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары С. Смағулов, «Ақ жол» партиясының Алматы облысындағы филиалының төраға орынбасары Қ. Қаңтарбаев және 300-ден  аса халық қатысты.

 

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев ат басын түске қарай Бақанас ауылына бұрды. Депутат бұл ауылда Агрофирма «Өтес» ұжымымен кездесті. Ұжымның атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, «Казагрофинанс» АҚ қолдауымен 5000 бас ірі қараны бордақылауға арналып салынған кешенмен және арнайы мал соятын цехтармен танысты. Қазіргі уақытта бұл кешенде 2000-ға жуық   ірі қара бордақылануда.

Депутат түс ауа Ақжар елді мекенінде жергілікті мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасының бұл жолғы халыққа Жолдауында бірқатар маңызды мәселелердің қолға алып және мемлекеттік тілдің ахуалы турасында айтқан ойлары мен жоспарлары жөнінде, әсіресе, 2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатындығын жеткізді.

Жолдауда азаматтарымыздың денсаулығын қорғау бағытында көп тапсырмалар берілгендігін және Мемлекет басшысы  ұлттық кәсіпкерлікті экономиканың жетекші күші ретінде алып, оны жан-жақты қолдауды ұсынғандығын және әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу үшін Қазақстанға егістік алқаптарын ұлғайту керектігін, әлемдік деңгейде мал шаруашылығының жем-шөп базасын, экологиялық баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құру және ауыл шаруашылығын қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту керек дегендігін аса көңіл бөліп талқылады және ендігі біз  Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек етуге тиіспіз деді.

 

Бүгін депутат А. Әбілдаевтың халықпен жүздесуі Алматы облысындағы Қапшағай қаласында жалғасуда.

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі