Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын модернизациялау жайында семинар өткізді
Астана, 21 қаңтар. Мәжіліс Үйі.
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің ғимаратында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшелерімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын модернизациялау» деген тақырыпта арнайы семинар өткізді.
Басқосуды «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісінің орынбасары Егор Каппель беташар сөзбен бастады.
Жоба авторы – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат» кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі, депутат Зухра Саяпова, «Халық коммунистері» партиясының фракция мүшесі, депутат Галина Баймаханова, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, депутат Камал Бұрхановтар баяндама жасады.
Семинардың мақсаты – бүгінге дейінгі жинақталған тәжірибелерге сүйене отырып мемлекеттік қызмет пен жастар саясаты саласында қызмет ететіндердің теориялық білімін көтеру және оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Сонымен қатар басқосудағы міндет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мән-мағанасын түсіндіріп, Жастар саясатының 2020 жылға дамыту Тұжырымдамасының негізгі бағытын айқындау болды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Орталық атқарушы органдардың өкілдері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары қатысты.
(Сәуле Досжанова. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі