Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.01.2013

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

                                    ТУРАЛЫ

 

Астана, 25 қаңтар. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс  Бюросы   болып,    алдағы өтетін жалпы отырыста қаралатын мәселелер  нақтыланды.

Парламентшілер назарына Палата қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) заң ілеспе түзетулерімен және  «Жол жүрісі туралы» заң жобалары ілеспе түзетулерімен ұсынылмақшы.

Сонымен қатар алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары қорытынды әзірлеуге шығарылатын болды. 

 

 

(Сәуле Досжанова, Суретті түсірген  Сайлау Майлыбаев. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі