The website color
Distance between letter distance
Images
11.05.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық келісімдерді қарайды


Нұр-Сұлтан, 11 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруға қатысты келісімді, сондай-ақ, екі ел арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына байланысты заң жобалары бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді және Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын II оқылымда қарамақ.

Сонымен қатар, Палата Бюро отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алуды көздейді. Олар: рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ,  сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобалары.  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan