The website color
Distance between letter distance
Images
27.08.2021

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды


Нұр-Сұлтан, 27 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының Бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жумабеков).  

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan