The website color
Distance between letter distance
Images
23.06.2022

Мәжілісте Геология саласын дамыту мәселелері талқыланды


Нұр-Сұлтан, 23 маусым, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті геология саласын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Іс-шараға Комитет жетекшісі Александр Милютин төрағалық етті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев баяндамасында аталған саладағы негізгі міндеттерді атап өтті. Олар негізінен перспективалы учаскелерді анықтау, өндірістік-технологиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыру, геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыру, минералдық-шикізат базасын молайту үшін заңнаманы жетілдіру. Осы мәселелерді шешу үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары қолға алынуда.

Энергетика вице-министрі А. Хасенов көмірсутектер саласындағы геология саласын дамыту бағытында бүгінгі күні аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімін оңайлату және оның ашықтығы, Инвестициялық тартымдылықты арттыру және әкімшілік кедергілерді азайту үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, жаңа тетіктіжақсартылған модельдік келісімшартты енгізу басты мақсат екенін атап өтті. 

Қатты пайдалы қазбалар саласындағы геология саласын дамыту туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М. Қарабаев жер қойнауын пайдалану үшін қолжетімді барлық аумақты ашу, пайдаланылмайтын аумақтарды анықтау, кен орындарын тексеру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Талқылау барысында депутаттар саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстел отырысына мүдделі министрліктермен қатар, сараптама ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер және жоғары оқу орындары өкілдері қатысты. 

(Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan