The website color
Distance between letter distance
Images
01.12.2023

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 1 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Сингапурмен және Қатар мемлекетімен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екі келісімді ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады.

Бұл келісімдер елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, ел аумақтарында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелерді реттеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.

Бұдан бөлек, депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Аталған конвенция әлем бойынша трансшекаралық өзендер мен көлдерді және онымен байланысты жер асты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәрдемдесудің жаһандық құқықтық механизмі болып саналатын негіздемелік құжат болады.

Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері Ғылым және технологиялық саясат туралы және дипломатиялық қызмет мәселелері туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Депутаттар бастамашылық еткен ғылым және технологиялық саясат туралы заң жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатынмен әзірленді.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan