The website color
Distance between letter distance
Images
26.01.2024

Мәжіліс капиталдың елден шығарылуын бақылау туралы заң жобасын қарайды


Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Заң жобасы еліміздің трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейту мақсатымен әзірленді.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама ратификацияланады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Олар: күзет қызметі, сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қатысты заң жобалары.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Т. Таныбаев


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan