2023 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Ғылымды дамыту туралы» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтті. Отырыс барысында баяндамашыға келесі сұрақтар қойылды.
Құрметті Нұрбек Саясат мырза!
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жай күйі қашанда маңызды.
Қазір біз министрдің есебін тыңдадық.
Десе де, құлаққа жағымды есептерге қарамастан, біз соңғы 20 жылда бұл салада дамыдық деп айта алмаймыз. Сөзіміздің дәлелі болсын деп мына статистиканы ұсынғымыз келеді.
Мәселен, егер 2003 жылы жалпы ішкі өнімнен ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалған ішкі шығындардың үлесі 0,25% болса, осы көрсеткіш 2021 жылы - 0,13% ғана құрап отыр.
Яғни, салада прогресс бар деп айтуға келмейді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша салаға қатысты ішкі шығындарының құрылымын талдау да оптимизм бермейді.
Бөлінген қаржының 48,1%, яғни 58,4 млрд теңгесі еңбекақы төлеуге бағытталса, ғылыми жабдықтарды сатып алуға небәрі 4,6 млрд теңге жұмсалған.
Вы в своем докладе отметили что планируете увеличить супервычеты до 300 процентов от налогооблагаемый базы для субъектов предпринимательства, финансирующих НИОКР и развития научных центров.
Наша история знает немало фактов как большие корпорации по бумагам выделяют деньги на науку, а на деле строят офисы, устанавливают завышенные заработные платы.
Не получится ли так что мы не получим реальных научных прорывов, и недополучим существенную часть налогов.
Теперь вопрос. Каким образом вы планируете обеспечить прозрачность использования данных средств. Точнее говоря откуда мы будем знать, что эти средства в полной мере и эффективно использоваться именно для развития науки? Кем и как будет этот процесс контролироваться.