Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Павлодар облысының халқымен кездесу

Достар, кезекті жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып қайттым. Бұл ел азаматтарының мәселелерін жергілікті орындарда нақты зерттеген осымен сегізінші облыс. Соңғы екі күн ішінде павлодарлықтардың көкейкесті мәселелерін сараладым.

Бірінші кезекте, әрине, Екібастұз ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмысы мен жылыту маусымына дайындығымен таныстым.

Станцияда барлық 10 қазандық жөнделуде, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жүргізілмек. Осы жылы 50 км-ден астам магистральдық және орамішілік жылу желілері жөнделмек әрі жылу магистральдары жаңартылуда.

Ауыл шаруашылығы мәселелерін де зерттедім. Ет,сүт тұқымдарының ірі қара мал, көкөністер, жемшөп пен дәнді дақылдарды өсіретін "Пахарь" ШҚ бардым. Шаруалармен субсидиялау, ветеринария, кооперация, салықтар т. б. мәселелерді талқыладық.

Ең өткір сұрақ - ауыл шаруашылығында су ресурстарын пайдалану. Суды үнемдеу қазір апатқа айналу қаупі төніп тұрған өзекті мәселе, әсіресе, елдің оңтүстігінде. Елдегі су ағынының жалпы төмендеуімен бір мезгілде тасымалдауында судың жоғалуы да өсуде. Негізгі себеп – инфрақұрылым-каналдардың, арықтардың тозуы мен сапасыз құрылысы. Мен депутаттық сауалдардың бірінде цифрландыру құралдары арқылы су ресурстарының бірыңғай есебін жолға қоюды ұсынған болатынмын, оған сәйкес кемінде 30-50 жылға тиімді пайдалану саясатын жүргізетін агенттікке осы жауапкершілікті жүктеу қажет екенін көтергенмін.

Сапардың екінші күні өңірдің кәсіпкерлерімен кездестім.

Жүйелі мәселелелеріне тоқталып, субсидиялар, қаражаттың жетіспеуі, әл-ауқатына теріс әсер ететін жағдайларды назарға алдым.

Аймақта құрғақшылықтың шарықтау шегіне жеткеніне көзім жетті, бұл бизнестің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Облыста ТЖ режимін енгізуді қолдаймын.

Сондай-ақ, Павлодар қаласының Бірінші қалалық ауруханасындағы жөндеу жұмысының мерзімін дұрыс сақтамау мәселесін сараптадым. Партия атынан дәрігерлерді жабдықты таңдау мен жөндеу сапасын бақылауға қосуды ұсындым.

Сапар соңында Мойылды ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс орнында болып, жыл басынан бері іске қосылған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін араладым. Жалақы, арт-спортты дамыту бағдарламалары мен әлеуметтік мәселелерді тыңдап қайттым.

Павлодарлықтардың барлық жанайқайы жіті назарға алынып, олардың шешімі бойынша жоспарлы жұмыс басталды.

Келесі өңір - Жетісу облысы. Өзекті сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыздар.