Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда облысының халқымен кездесу

Аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесіп, мәселелерді жергілікті орындарда зерделеу жұмысы жалғасуда.

Қызылорда облысы үшін басты мәселелердің бірі - су тапшылығы және экологиялық мәселе.

Сапар барысында "Қызылорда су қоймасы" кәсіпорнының жұмысымен, облыстың суармалы егіншілік инфрақұрылымымен, суару алаптарымен таныстым. "Мағжан и К" ЖШС базасында күріш өндірушілермен кездестім.

Мәселелерді талқылауды облыс әкімдігінің алаңында дөңгелек үстел форматында жалғастырдық. Облыс әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязов бастаған мемлекеттік органдармен, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен ғылым саласының өкілдерімен бірге суды пайдалануды азайту, экология мен сумен қамтамасыз ету тәсілдерін талқыладық.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін депутаттық сауалымда су ресурстарының тапшылығы, оның ішінде су шығынын дұрыс есепке алмау, суармалы суды тасымалдау кезіндегі жоғары шығындар мәселесін көтерген болатынмын. Аймақтардағы әріптестер біздің көзқарасымызбен келісіп, шешімдерін ұсынды, әрі қарай мұқият зерттеймін.

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай шиеленісіп тұр, ал су мәселесі бұл жағдайда шешуші болып табылады.

Қызылордадағы № 4 қалалық емханаға да бардым. Емханаға жаңа ғимарат салу қажеттілігі туындаған. Сонымен қатар, біз мұнда міндетті медициналық сақтандыру қорынан емдеу мекемелерін қаржыландыру мәселесін де анықтадық.

Дәрігерлер емделушілерге емдеу хаттамасына енгізілген ем-дом тағайындай алмайды (мысалы, КТ немесе МРТ жоқтығынан). Бұл қор белгілеген әрбір медициналық мекеме үшін желілік шкала мен қаржыландыру лимиттеріне байланысты. Бұл сұрақтар тұрғындардың наразылығын тудыруда әрі тез арада шешуді талап етеді. Мәселені терең зерттейтін боламыз.

Келесі аймақ - Павлодар. Бұл аймақта маңызды сұрақтарыңыз болса, осы жазбаның астында бөлісіңіздер.