Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің ОТЫРЫСЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің ОТЫРЫСЫ

Күн тәртібі:

I. Өткен аптаның қорытындысы

II. Комитеттің іс-шараларына дайындық барысы туралы:

1) 2023 жылғы 21 сәуірде сағат 15.00 өтетін «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктері» (лизинг, жеңілдетілген несиелеу, соның ішінде көктемгі дала жұмыстары үшін)» жөніндегі комитеттің тақырыптық отырысы

- баяндамашы депутат Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов

2) 2023 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00 өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» 2022 жылғы 26 қазандағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде«Ауыл аманаты» Жобасы»:алғашқы нәтижелер мен енгізу тәжірибесі» жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы

- баяндамашы депутат Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев

III. Бас заң жобаларын қарау барысы туралы:

1)«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы»

- баяндамашы депутат Айдарбек Асанұлы Қожаназаров

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

- баяндамашы депутат Нұржан Кемерұлы Әшімбетов

IV. Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлу:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

V. Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын талқылау және қорытындыларды бекіту:

1. «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» (баяндамашы депутат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев)

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» (баяндамашы депутат Нұржан Кемерұлы Әшімбетов)

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы депутат Нұржан Кемерұлы Әшімбетов)

VI. Әртүрлі