«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша депутат А.А. Ходжаназаровтың баяндамасы
Құрметті әріптестер!
Соңғы ақпаратқа сәйкес аталған заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы ағымдағы жылдың 23 мамырында Үкімет отырысының қарауына енгізіледі. 24 мамырда ҚР Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.
Өткен аптада, мен, комитеттің бас консультанттарымен және менің сарапшыларыммен бірге заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша дайындалған Үкімет қорытыныдысы жобасына Президент Әкімшілігі берген ескертулерді алғыздық. Оларды сараладық және ұсынылған позициялар бойынша заң жобасының салыстырмалы кестесін сәйкестікке келтірдік.
Сонымен қатар, заң жобасын саралау нәтижесінде мен өзімнің 10-нан астам түзетулерімді дайындадым. Осы аптада уәкілетті органдарды және салалық ассоциацияларды жинап осы түзетулерді алдын ала талқылап қарастырамыз. Бізге уақыттан бұрын барлық жұмыстарды қатар жүргізу қажет.
Ал негізгі жұмыс тобының отырысын Үкімет қорытындысын алған соң өткіземіз.
Жалпы заң жобасы бойынша барлық жұмыстарымыз жоспарға сай жүргізіледі және 14 маусымда заң жобасын Мәжілістің пленарлы отырысына талқылауға шығарамыз.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта құс шаруашылығындағы кәсіпорын басшылары Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тарапынан жүргізіліп жатқан тексерулерге байланысты наразылықтарын білдіруде. Осыған орай, комитет отырысына осы агенттік басшыларын шақырып дөңгелек үстел өткізуді ұсынамын.