2023 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті, оның барысында ҚР АШМ-нің 2022 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды
Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қаралды.
I. Өткен аптаның қорытындысы
II. Бас заң жобаларын қарау барысы туралы:
1)«Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы»
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
III. Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын талқылау және қорытындыларды бекіту:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері»
2. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы»
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
4. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»
IV. Әртүрлі