Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ

2023 жылғы 26 қыркүйекте Комитеттің «Отбасы банкінің ауыл тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі қызметі туралы» тақырыбында отырысы өтті.

Шараның мақсаты – Мемлекет басшысының аталған банктің қызметіне қатысты тапсырмасын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жоспарларын талқылау. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы «Отбасы банк» қызметін облыс орталықтарға ғана емес, аудандар, моноқалалар мен ауылдарға бағдарлауды тапсырған болатын.

Осыған байланысты жиынға өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктері, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, салалық қауымдастықтардың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шақырылды.

Кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Отбасы банк» АҚ басшылығы моноқалалар, аудандар және ауылдық жерлерде үйлер мен шағын пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын несиелеу жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын таныстырды. Бұдан басқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы талқыланды. Биыл бұл жобаны «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын болады. Жиынға қатысушылар ауылдық жерлерде тұрғын үйді жаңғырту және салу мәселелерін жүйелі шешу үшін өз ұсыныстарын білдірді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары жиынға қатысушыларға кәсіпорын қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлерге арнап ауылда тұрғын үй салу жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесін таныстырды.

Шара қорытындысы бойынша Комитет тарапынан уәкілетті органдардың атына ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысына несие беру бағдарламасын жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар жіберілді.