Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің ОТЫРЫСЫ

19 сентября 2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын талқылады.

Заң жобалары, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ салық салудың өзекті мәселелерін шешу үшін әзірленді.

«Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2023 жылғы
10 наурыздағы № 140 Жарлығы шеңберінде, экономиканы кредиттеуді ынталандырудың және проблемалық кредиттерді төмендетудің салықтық шаралары көзделген.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы
1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыруға байланысты балаларға Ұлттық қордың инвестициялық табысын төлеу тетігін енгізу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар бойынша, жаңа тәсілдерді қабылдау бөлігінде, салық кодексіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.

Бұдан басқа, Конституциялық соттың шешімдерін орындауды жүзеге асыруға, Салық кодексіне нормалар әзірленді.

Сонымен, ҚР Президентінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 140 Жарлығын іске асыру шеңберінде, мынадай шаралар ұсынылады.

Бірінші - жеке тұлғалардың берешегін есептен шығаруға байланысты микроқаржы ұйымдарының қалпына келтірілген провизиялары бойынша, табыстарға салық салуды болдырмау.

Яғни, проблемалық кредиттерді есептен шығару кезінде бұрын құрылған провизиялар қалпына келтіріледі. Бұл ретте, микроқаржы ұйымдарының табысы болып есептелмейді. Жарлыққа сәйкес норма уақытша қолдау шарасы ретінде, 3 жылға енгізіледі. Осыған ұқсас норма, екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылады.

Екінші – коллекторлар берешекті есептен шығарған кезде жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды болдырмау.

Қазіргі уақытта банктер кредиттерді есептен шығарған уақытта, жеке тұлғалардан табыс болмайды. Коллекторлар несиелерді есептен шығарған кезде, де осындай норма ұсынылады.

Үшінші – Ұлттық банктің ноталары бойынша Банктердің кірістеріне салық салынатын табыстың азаюын алып тастау.

Өздеріңіз білетіндей, «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысы 2022 жылғы                            1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балаларға беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтар үшін жаңа тәсілдерді енгізуді тапсырды. Ол үшін, «инвестициялар неғұрлым көп болса – соғұрлым көп жеңілдіктер» қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін, салықтық жеңілдіктер беру бөлігінде, сараланған тәсілді енгізу көзделген (7 жыл ішінде 3 млн. АЕК дейін, 15 жыл ішінде
3 млн. АЕК - 14,5 млн. АЕК дейін, 25 жыл ішінде 14,5 млн. АЕК жоғары)
.

Конституциялық соттың шешімін орындау шеңберінде, соттарда мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыруды ұсыным жасауға болады.

Бұл, сотқа жүгіну құқығын кедергісіз іске асыруға мүмкіндік береді.

Жеке өндіруші қондырғылардан электр энергиясын пайдалану кезінде, 1 квт/сағатқа  1 теңге мөлшерінде цифрлық майнингке арналған төлемақыны қолдану ұсынылады.

Алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін кезең кезеңімен арттыру және оларды үйлестіру жөніндегі жұмыс аясында, Евразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде, сыраға акциздің литріне 79 теңгеден  90 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.

Салық заңнамасын талдау нәтижесінде, реттеуші талаптарды оңайлату бөлігінде, бірқатар нормаларды алып тастау ұсынылады.

Бұл алып тастауға қатысты:

фискалдық деректерді сақтау бойынша, қайталанатын норма, өйткені бұл талап бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібімен айқындалады;

салық төлеушінің нақты орналасқан жерінің расталуын баламамен ауыстыруға орай оның тіркелген мекенін растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде нотариаттық куәландыру талабы;

шағын бизнес субъектілері үшін, арнаулы салық режимін қолдану кезінде, тыйым салынған қызмет түрлерінің ішінен «шыны ыдыстарды жинау және қабылдау» бойынша талаптар.

Дауларды сот талқылауларына жеткізбестен объективті шешу мақсатында, бірыңғай тұжырымдама қаланды, онда камералдық бақылау хабарламаларын орындамау туралы шешімдер шығару кезінде, салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүзеге асырылмайды.

Сонымен қатар, дауларды болдырмауға сауда желілерінде сатып алулар үшін, бонустар алу кезінде немесе көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды алу кезінде, салық салуды алып тастау.

Бұдан басқа, Әлеуметтік кодекстің ережелерін ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары бойынша, немесе сақтандыру ұйымынан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын тұлғалар үшін, біржолғы зейнетақы төлемімен Жеке табыс салығын бір реттік ұстап қалуды және бюджетке аударуды қолдану ұсынылады.

Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіру бөлігінде редакциялық, нақтылау сипатындағы нормалар көзделген.