2022 жылдың 8 шілдесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесіне барды.
Бұл мекеме 1965 жылы ашылған. Мекемеде 170 адам паналайды. Мекемеде тұрып жатқандарға 4 мезгіл ыстық тамақ беріледі, арнаулы үйірмелер жұмыс істейді, кітапханасы бар, психологтар қариялармен тығыз жұмыс жасауда. Осы мекемеде «Ақ жол» демократиялық партиясының ең белсенді мүшесі, ең жасы үлкен блогер Мәмбет Құрманбаев өмір сүреді. Бір неше жылдар бойы «Қарттар үйі» Мәмбет ағамыз үшін қара шаңыраққа айналған.
«Қарттар мен мүгедектер үйі» мекемесі Шымкент қаласында орналасқанымен Түркістан облысына қарасты. Бұл мекемеде осы күнге дейін газ мәселесі шешілмеген, қыста көмір жағылады. Осы мәселе бойынша «Қарттар үйінің» әкімшілігі өз тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаға хат жолдап, газ мәселесін шешіп беру туралы өтініш жасаған. Өз тарапынан халық қалаулысы ҚР Энергетика министрлігіне және Шымкент қаласының Әкіміне хат жолдаған. Көп ұзамай мәселе оң шешімін тауып «Қарттар үйі» қыста газбен жылытылатын болды. «Қарттар мен мүгедектер үйінің» директоры Шарбат Шырынбекова: «15 жылдан бері газ қосамыз деп, қолымыз жетпей жүр еді. Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі Қазыбек Исаның ықпалымен бұл мәселе шешілетін болатын болды.
Қазір 3 миллион теңге тұратын техникалық құжаттар тегін жасалынып берілді, тамыз айында газ құбырларын да тегін орнатып беретін болды. Күзге қарай газ да келіп қалады деп жоспарлаудамыз.
Мекеме директоры Шарбат Шырынбекованы «Ақ жол» ҚДП төрағасы А. Перуашевтың атынан арнайы «Дипломмен», ал Мәмбет Құрманбаевты «Алғыс хатымен» марапаттады.

