2025 жылғы 08 қыркүйек Астана қаласы
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.
Президенттің Жолдауы – еліміздің дамуының жаңа кезеңін ашатын маңызды құжат. Бұл жолы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты тақырыбында болды.
Ақорда сайтының ақпараты бойынша, Президент қазіргі заманғы цифрлық технологияларға, оларды қызметтің түрлі салаларына енгізуге ерекше назар аударды және басқа да бірқатар міндеттер қойды.
1. Елімізге қомақты инвестиция тарту керек.
2. Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді.
3. Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет.
4. Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек.
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту – тұрақты дамудың негізгі факторы.
6. Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс.
7. Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді.
Н.Дементьева журналистерге сұхбатында ойымен былай деп бөлісті: «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің болашағын айқындайтын стратегиялық бағдар болып табылады. Жолдаудың бірқатар негізгі бағыттарына тоқталып, басты міндеттерді атап өткім келеді.
-Әлеуметтік тұрақтылық
Президент халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін басты міндет деп атады. Мен үшін бұл – ең маңызды бағыт. Халық оны нақты істерде сезінуі керек: табыстың өсуі, баспананың қолжетімділігі, сапалы әлеуметтік қызмет.
-Парламенттік реформа
Бір палаталы Парламент құру бастамасы –уақыттың талабы. Заң шығару жеделдетілуі мүмкін, сонымен бірге аймақтардың мүддесі ескеріліп, қоғамның дауысы сақталуы тиіс, деп ойлаймын.
-Цифрландыру және салық
Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Әділ әрі тұрақты салық жүйесі болып, цифрлық технологиялар халыққа пайда әкелуі тиіс.
-Патриотизмнің жаңа түсінігі
Президент патриотизмді болашаққа жауапкершілік деп айтты. Мен толық келісемін: патриотизм – жастардың өз елінде білім алып, жұмыс істеп, болашағын Қазақстанмен байланыстыруына мүмкіндік беру
- Alatau City - өңірдің толық цифрланған қаласы
Жаңа инновациялық қала құру бастамасын құптаймыз. Менің ойым: бұл жоба тек «витрина» болып емес, бүкіл ел экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс.
Президент Парламент пен Үкіметке тапсырмалар берді. Әрбір бастама нақты жоспармен, мерзімімен және орындалуы қатаң жауапкершілікпен бекітілуі қажет. Сонда халық өмірінде оң өзгерістер болады, деген ойдамын»- деді депутат.