Абасов
Қайнар
Бегалыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
12.05.2022

Бүгін Түркістан облысына тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын алдағы конституциялық реформаларды насихаттау сапарының бірінші күні өтті.

Олар іс жүзінде біздің өміріміздің барлық аспектілерін қамтиды, сондықтан әрбір қазақстандықтың, бүкіл қоғамның қатысуын талап етеді.

Осыған байланысты Түлкібас ауданы (Тастұмсық ауылы, Амангелді ауылы, Балықты ауылы) елді мекендерінің сайлаушыларымен кездесу барысында референдумға қойылған мәселелер бойынша пікір алмастым.

Сонымен бірге, көпшілік бүгінгі саяси реформаларды қолдап, алдағы конституциялық реформалардың болашағын оптимистік бағалап отыр.

Осылайша, Қазақстандықтардың референдумда конституциялық реформаларды қолдауы олардың тиімді іске асырылуының маңызды институционалдық кепілі болады.

26.04.2022

Бүгін Президенттің төрағалығымен Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтті. Съездегі ең маңызды оқиға Президент Қ.К. Тоқаевтың «Amanat» партиясына төрағалық етуді тоқтату және партиядан шығу туралы шешімі болды. Президент партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды және ол съезге қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ, «Adal» партиясы «Amanat» партиясына қосылды. Осының салдары билеуші партияның сайлау базасын кеңейту және реформалар бағыты төңірегінде одан әрі қоғамдық шоғырлану болады. Сонымен бірге, «Amanat» президенттік реформалар бағытын жақтаушыларды топтастырудың өзегі болып қалады. Осылайша, Президент өзі бастаған саяси реформаларды іс жүзінде жүзеге асыра бастады.

"Сіздер халық өкілімен жұмыс істеудің алдыңғы қатарында болып, азаматтық қоғам мен билік арасындағы өзара іс - қимылдың тиімді байланысы болуға тиіссіздер", - деді Мемлекет басшысы.

Расписание депутата
Тамыз 2022
Социальный опрос
Укажите, пожалуйста, Ваш возраст: