АВЕРШИН
Константин
Викторович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Авершин Константин Викторович, ұлты орыс, 1976 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында интернационалдық отбасында дүниеге келген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Білімі-жоғары, 2016 жылдан бастап "AMANAT" партиясының мүшесі.

1993 жылы Алматы қаласының №25 гуманитарлық-лингвистикалық гимназиясын бітіргеннен кейін, Авершин К.В. Брайтон (Ұлыбритания) қаласындағы Bellerbys колледжіне "Бизнес және экономика" мамандығы бойынша оқуға түседі, содан кейін 1995 жылы "Болашақ" президенттік бағдарламасы бойынша Кембридж (Ұлыбритания) қаласындағы Anglia Ruskin University, Ba, European Business and Economics оқу орнына түсіп, "Бизнес және экономика" мамандығы бойынша жоғарыда аталған жоғары оқу орнын 1998 жылы бітірген. Әрі қарай білім алу сатысын 2018 жылы МВА дәрежесін алып, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында жалғастырды.

Еңбек жолын 1998 жылы "КEGOC" ЖШҚ-да бастады. 2001 жылдан бастап ҚР ҰҚК № 62156 әскери бөлімінде қызмет атқарды, 2009 жылы капитан атағымен запасқа шықты. 2009 жылы "Gulf Sands tourism and air Cargo" компаниясының Dubai, UAE филиалының директоры болып, сондай - ақ Europe Aviation, France компаниясының өңірлік өкілі лауазымына шақырылды. 2013 жылы "Red Dragon Almaty" ЖШС құрылтайшысы және бас директоры болды. Осы жылдар ішінде "Red Dragon" сауда белгісімен ұйымдастырылған және басқарылатын компания мықты аймақтық деңгейге дейін өсіп, бірнеше рет сала көшбасшысы ретінде танылды.

Алматы қаласында танымал кәсіпкер және қоғам қайраткері. Белсенді өмірлік ұстанымы бар бей-жай емес азаматтарды, мәдени, патриоттық, спорттық, қайырымдылық және басқа да бағыттағы басқа да ұйымдарды біріктіретін "Мен Алматылықпын" ҚБ құрылтайшысы және көшбасшысы болып табылады. Көптеген жылдар бойы қала мен республика шеңберінде маңызды іс-шаралар өткізу үшін қала тұрғындарын оң жұмылдыруға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, дүлей зілзалалардың салдарынан зардап шеккен халықтың тұрмысы төмен топтарына көмек көрсетуге бағытталған акцияларды ұйымдастырумен айналысады.

Алматы қаласы мәслихатының VI және VII шақырылымдарының депутаты.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

2023 жылғы наурыздан -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

- "AMANAT" партиясы Партиялық бақылау комитетінің мүшесі;

-ҚР Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшесі.

Марапаттар:

"Құрмет" Ордені

"Экономика мақтанышы"ордені

"ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі

"Арнайы жасақтағы қызметі үшін" медалі

"Халық Алғысы" Медалі

"Алматы мәслихатының 10 жылдық" медалі

"ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл"медалі

"Заңғар" төсбелгісі, Алматы қаласының мәслихаты

ҚР ҰҚК III дәрежелі төсбелгісі

Алматы облысының ІІД марапатталған сағаты.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың Алғыс хаты

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғысы.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғысы (2019 ж.)

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғысы (2020 ж.)

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғысы (2022 ж.)

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаты (2022 ж.)