Ибраев
Төлеген
Тоқтасынұлы

Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үлкен нарым Айданы Көктерек селосында туған.

Семей зоотехникалық–ветеринарлық институтын және Қазақстан –Америкалық еркін университетін аяқтаған.

Институтты аяқтағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Таврия ауданы Саратов селосында совхоз-техникумның кәсіподақ төрағасы болып жұмыс істеді.

1982-1990 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының Таврия аудандық комитетінің нұсқаушысы, Таврия аудандық арнайы шаруашылық бірлестігінің партия комитетінің хатшысы, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, партия комиссиясының төрағасы, Қазақстан компартиясының облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды.

1990-1992 жылдары ШҚО облыстық халық депутаттары Кеңесі төрағасының референті,

1992-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысының басшысы, әкімінің аппарат жетекшісі.

1996-1997 жылдары «Жалын» АҚ президенті, Өскемен қаласы. ШҚО Катон-Қарағай ауданының әкімі.

1997-2003 жж. - ШҚО әкімі аппаратының жетекшісі, Өскемен қаласы.

2003-2005 жж. – ШҚО ауыл шаруашылығы, тамақ, және қайта өңдеу өнеркәсібі басқармасының бастығы.

2005-2006 жж. – ШҚО ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы –Тәртіптік кеңес төрағасы.

2006-2007 жж. – ШҚО жер қатынастары басқармасының бастығы.

2007-2010 жылдары облыс әкімінің кеңесшісі – хатшылық хатшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы.

2010 жылғы 22 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы және немересі бар.